ойын сауық отауы
Математика – ғылымдар патшасы
30.10.2017 3 491 0 Дауыл

Математика – ғылымдар патшасы

Өлеңдер
Математика – ғылымдар патшасы

(«Математика және табиғат» атты мектеп шәкірттері кешіне арналып жазылған).

Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның.

Тереңінде жатады ма бір сиқыр,
Ол нәрсе емес ойлап көрсең жай жылтыр.
Математика – ақыл - ойдың иесі,
Ес тандырып баурап алар сан цифр.

Шағылса егер өр талабың, сынбағын,
Жанып қайрат, ұстаз сөзін тыңдағын.
Түсінбеген тұрса қарап аңырып,
Түсінгенге ашады ол жұмбағын.

Сондай шәкірт ой - арманын ұшырды,
Ғылымда осы өз жобасын ұсынды.
Таныды олар тарихты да есіне ап,
Ең ежелгі Грекия, Мысырды.

Өркендігі тарихында күн құшқан,
Болды ол елдер ғылымда осы үлгі ұстам.
Есінде әр кез жас өскіннің тағы да,
Көне Бабыл, Қытай және Үндістан.

Білімменен ашқан мектеп есігін,
Тапқан талай қиын теңдеу шешімін.
Таныды әр сәт математик жас өрен,
Евклидтің, Пифагордың есімін.

Өр даналар бірін - бірі ұғысқан,
Ақиқат жол – ғылымда әр кез ұлы ұстам.
Сол ғылымның небір тарау жолы да,
Бастау алып жатыпты ғой Шығыстан.

Осылайша қаққан ғылым қазықты,
Орта ғасыр ғылым дамып озыпты.
Алгебра саласының еңбегін,
Алғаш болып әл - Хорезми жазыпты.

Мұнан басқа шыққан ғалым көптеген,
Ғылым туы осылайша көктеген.
Теориясын түзулердің параллель,
Шығыста алғаш әл - Жауһари зерттеген.

Дүбір шықса шын қас тұлпар тұра ма,
Біліп алғын мұны да сен сұра да.
Геометрия, тригонометрия саласын,
Өрістеткен әл - Фараби ғұлама.

Игі істі қашанда сен үзбегін,
Тек үнемі шын асылды іздегін.
Әл - Бируни, Омар Хайям, Ұлықбек,
Жалғастырған даналардың іздерін.

Ат - Туси мен Түркістани түйіндеп,
Жазған еңбек бұл ғылымға бейімдеп.
Осылайша қанат жайған бұл ғылым
Европада дами түсті кейіндеп.

Қазағым да көрінеді зор маған,
Топырағында ғылым туы орнаған.
И. Ақбергенов, Б. Оразбаев, О. Жәутіков
Алғаш болып кандидаттық қорғаған.

Тазарт енді пиғылыңды, санаңды,
Кең табиғат, кеш адасса балаңды.
Бір Тәңірім математикалық есеппен,
Жаратқан ғой он сегіз мың ғаламды.

Ашылады кілтін тапсаң сандықтар,
Математика жүздіктер мен ондықтар.
Сүресі мен аятында Құранның,
Ұғынғанға математикалық дәлдік бар.

Ашып тастап кең сарайын сырыңның,
Өмір жүгін осыдан сен ұғынғын.
Математика өміріңе зор қажет,
Сондықтан да сырын біл бұл ғылымның.

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Өміріңді жақсы жағына өзгертуде – жалқауланба! Өміріңді жақсы жағына өзгертуде – жалқауланба!
Есте сақтаңыз, өмір – мектеп, сіз мұнда оны танып, білуге келдіңіз.
Мектеп оқушысының күн тәртібі Мектеп оқушысының күн тәртібі
Мектеп оқушысының уақытты тиімді пайдалануы – оның мектепте табысты үлгерімінің кепілдігі ғана емес.
Орман патшасы Орман патшасы
Қараңғы салқын түнде кім Аяңдамай, желеді? Жанында жас ұлы бар, Жолаушы жортып келеді.
Ғылым Ғылым
«Ғылымдар дүниелік сиқыр болмақ, Оқыған ол ғылымды кәпір болмақ». Зулатып шариғатты шарт жүгініп, Молдекең отырғанда мойнын толғап.
Резюме, Түйіндеме Резюме, Түйіндеме
Аты жөні: Асқарова Алтын Тұрарқызы Жасы: Мекен жайы: Телефоны (үй, моб.), е - mail:
Ұстазы үшін - ұлы үміт, Ата - ана үшін - мақтаны Ұстазы үшін - ұлы үміт, Ата - ана үшін - мақтаны
Естіліп қоңырау боп құстар әні, Сол әнмен шәкірт арман ұшқан әрі. Үш ұстын - Ұстаз, Шәкірт, Ата - ана - Үйлескен әз - ұяның үш тағаны.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×