ойын сауық отауы
Екі шыбын
06.06.2016 7 584 0 Дауыл

Екі шыбын

Өлеңдер
Екі шыбын
Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында Өгізі бар сабан тартқан.
«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сөйле, - дейді, - сен қай жақтан?»
Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,
Адамсып, маңызданып, жөтеледі:
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,
Мазалап, сұрап саған не керегі?»

* * *
Адамды кейбір түрлі алып еске,
Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін
Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?
Кейбіреу көтереді мұрнын көкке,
Өз әлін өзі білген адам көп пе?
Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді,
Біреудің шылауында жүріп текке.

Келіншегінің қадірін кеш түсінген ердің хаты Келіншегінің қадірін кеш түсінген ердің хаты
Шаңырағымның берекесі өзіңмен бірге шығып кеткендей. Мен күндегі әдетіммен жұмыстан шаршап келіп, футбол қарауға теледидар алдына жайғасқанда,
Алғыс дәметпе! Алғыс дәметпе!
Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан - жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір
Қара базар. Бек Ноғайбайұлы. Қара базар. Бек Ноғайбайұлы.
Қара базар Қара базар адам толы қайнаған, Бірі таныс, бірі бөтен айналаң. Бәз біреудің істеріне қуанып, Бәз біреудің жүрісінен қайғы алам.
Егіннің бастары Егіннің бастары
Ахмет Байтұрсынов Бір адам жас баласын жанына алды, Екеуі сайран етіп кетіп қалды. Қыдырып әрлі - берлі жүрді дағы, Егінші егін еккен жерге барды.
Ат пен есек Ат пен есек
Біреудің есегі мен бар еді Аты, Апарар бір қалаға болды заты. Аты мен есегіне артып алып, Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×