ойын сауық отауы
Келіншегінің қадірін кеш түсінген ердің хаты
26.11.2019 1 383 0 Admin

Келіншегінің қадірін кеш түсінген ердің хаты

Бұл қызықты
Келіншегінің қадірін кеш түсінген ердің хаты
Қымбаттым, екеуміз ұрысып қалғалы, сен үйден кеткелі өткен екі күн екі жылдай болды. Шаңырағымның берекесі өзіңмен бірге шығып кеткендей. Мен күндегі әдетіммен жұмыстан шаршап келіп, футбол қарауға теледидар алдына жайғасқанда, шыдамың дәл сол күні шегіне жетерін сезбеппін. Сенің қас - қабағыңды да аңдамай, пендешілікпен, сендерге ақша табу үшін арып - ашып жұмыс жасап жүрмін деп, еркектік парызымды міндет қылыппын. Кеш мені!
Төбелесіп жатқан балаларға да, шырылдап жатқан кішкентайға да қарайласпай, қара басып дәл сол күні қайдан ғана теледидар алдына сұлай салдым екен. Оның үстіне, бақырып - шақырған балалардың дауысын естімейін деп, теледидардың дауысын қаттырақ шығарып қойғанымды қайтерсің.
Сені күнделікті үйде отырып, қуыршақпен үйшік ойнаудан несіне шаршайды деп ойлап, оңбай қателесіппін.
Мәңгілікке созылғандай екі күнде балалардың ас - суын өзім әзірледім. Екеуі екі жақтан шырылдап, бірі ұйықтай бергенде, екіншісі оянады. Сен келесі күні де оралмадың. Жұмыстан сұранып, балалардың жанында өзім қалдым. Күні бойы бір шеңбердің бойымен ары - бері зырылдап, жанымды қоярға жер таппадым. Тым құрығанда душқа түсуге бір минут артылмайды.
Сүт жылытып, балаларды киіндіріп, асүйді бір мезгілде жуып жүрдім. Бір уақытта. Күні бойы бір адаммен тілдесуге, адам сияқты отырып тамақ жеуге мүмкіндік болмады. Қайта - қайта балаларға алаңдап, мазам кетті. Сілем қатқаны сонша, бірнеше тәулік оянбай ұйықтайтын адамдай едім. Ол да мүмкін болмады. Кішкентай әр үш сағат сайын оянып, тамақ сұрайды, жылайды.
Сенсіз екі күн, бір түн өтті, мен бәрін де түсіндім. Ана болу – өзіңді үздіксіз құрбан ету екенін білдім.
Құрбылармен қыдыруға бармай, спортзалдарды, салондарды қыз дәуренге қалдырып кеткенің де, хоббилеріңнен қол үзіп қалғаның да – барлығы балаларымыз және мен үшін екенін енді түсіндім.
Аналар қоғамдағы ең ауыр жауапкершілікті мойына алып, ең қиын істерді атқарады. Бірақ оны ешкім елемейді.

Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны
Күйеуі келіншегіне күлімсіреп: «менде бүгін сенімен телефонмен сөйлескім келді, бірақ күн суық болғандықтан ба кафеде клиент өте көп болды. Сәті
Бақытты отбасын құрудың құпиясы Бақытты отбасын құрудың құпиясы
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі шын сүйеді екен, алайда екеуі құдайдың құтты күні ұрсады екен, Ал олармен көрші үйде тамаша жарасымды ғашық жұптар өмір
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
Ердің туы – намыс. *** Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. *** Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, Жауды күйрете алмайсың
Сүрініп кетпе Сүрініп кетпе
Сүрініп кетпе! Сүрініп кетсең, болғаны, Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады. Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы - Аңдамай басып, сүрініп кетсе
Екі шыбын Екі шыбын
Бір Өгіз күні бойы тартып сабан, Қайтты елге сабанымен кешке таман. Мүйізінде Қара шыбын отыр еді, Кез болды бір танысы жолда оған.
Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер
Еңбек түбі – береке, Көптің түбі – мереке.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×