ойын сауық отауы
Малшы мен маса
06.06.2016 6 910 0 Дауыл

Малшы мен маса

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынұлы

Бір Малшы көлеңкеге келіп жатып,
Қасқырдан иттеріне сеніп жатып,
Үстінде көк шалғынның,
самал жерде тырайып қалды
сабаз ұйықтап қатып.
Келеді қара жылан шағайын деп,
Қапысын ұйықтағанда табайын деп.
Малшыны сол уақытта Маса шақты,
Оятып, бұл бәледен қағайын деп.
Ұйқысын Малшы оңды ашпай тұрып,
Өлтірді шағып тұрған Масаны ұрып.
Көтеріп жерден басын біраздан соң,
Қарады жан - жағына мойнын бұрып.
Жыланды көрген шақта малшы өкінді,
Достығын Сарымасаның сонда ұғып.
Сөзімнің сөкпеңіздер шолақтығын,
Демеңдер сөз жазуға олақтығым.
Жыланды Малшы көріп болғаннан соң,
Келмеді бір - біріне жолатқызғым.

* * *
Мысалы қазақ - малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды бәле делік аңдып баққан.
Оның түрін көрген мен - Сарымаса,
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.
Ойлаймын осы сөз де жетеді деп,
Қатты айтсам, сөзім батып кетеді деп,
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді,
Қорқамын, Сарымасадай етеді деп

Аю менен мүсәпір шал - Спандияр Көбеев Аю менен мүсәпір шал - Спандияр Көбеев
Дос болсай шынымен бол, ықыласпен Бас тартпай қызметінен достың қосқан, Ләззәті бір - біріне балдай болсын, Сырттағы күйінгендей болса дұшпан,
Маса шақса... Маса шақса...
Ағылшын биолог - ғалымдары масаның еті тірі, сабырсыз адамдарды көбірек шағатынын дәлелдеген. Себебі, әрдайым қимылдап, тағат таппайтын жандардың қан
Күзгі жаңбыр Күзгі жаңбыр
Қоңырқай күздің аспаны Бүркенді бұлтты қап - қара. Нажағай ойнай бастады – Маңайда, алыс жақта да.
Қыс Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті - басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дейтін еді қарт ақын Дейтін еді қарт ақын
«Қырғи жолдас бола алмайды кептермен, Себебі ол кептер етін жеп көрген. Қой қоралас бола алмайды қасқырмен, Қасқырдан ол көресіні көп көрген.
Сөз иесінен Сөз иесінен
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса: Өзіне біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен қара, яки қызыл маса.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×