ойын сауық отауы
Жүрегім жырға тұрғанда малынбай
07.09.2022 689 0 Admin

Жүрегім жырға тұрғанда малынбай

Өлеңдер
Жүрегім жырға тұрғанда малынбай,
Сыр айтқан күндерім сыңсыса жаңылмай.
Жалт еткен мен сені көріп ем бағымдай,
Жырақтап кеткенің жанымнан табылмай,
Бұл қалай?
Бал-шырын бақыттың барлығын бұлдап-ай,
Меңіреу уақыттың мелшиіп тұрғаны-ай!
Үп еткен үміттің үлпілдек ұшқыны
Лүп етпес сезімге айналып тынғаны-ай,
Бұл қалай?
Уақыт-ай!
Барымды сыналап жатырсың ұрлап-ай,
Санада сенделген сүреңсіз мұңдар-ай!
Ақ шуақ араймен алтын күн келеді деп,
Жүргенде жолықты тағы да түн қалай?
Бұл қалай?

Авторы: Тамаша Қойшыбайтегі Омарқызы

Енді, сенен хат күтпеймін, жақсы ма? Енді, сенен хат күтпеймін, жақсы ма?
Енді, сенен хат күтпеймін, жақсы ма? Жылап, күліп ұқсап болдым бақсыға. Әнін айтып түлкі бұлаң дүние, Алдарқатып, аялдамай қашты ма?
Мен енді қайтемін? Мен енді қайтемін?
Айт, емін! Жалыны жоқ күндерді Сабырыммен сынап ап, Мінезіммен өртеймін.
Біз жүрміз Біз жүрміз
Сені сағындым. Есіктен кіретін алып-ұшып, Отырмын жаным құшып, Сен дегенде тәнім ысып.
Әбділдаға Әбділдаға
Тұрғанда ұйқы - тұйқы ақ самайым, Мен қалай, Әбе, сені жат санайын. Абыржып асаңды ұстап отырғаның, Ашулы Грозный патшадайын.
Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Бұзбай соққын ырғағыңды Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін, Бұрап қой босап қалған сымдарыңды. Қалай - қалай соғасың, қан - жүрегім?!
Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Қалай - қалай соғады, қан - жүрегім?! Соғасың, әлі өмірің бар білемін. Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой. Бұл тірлікте құм арым қанды менің.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×