ойын сауық отауы
Үлес
08.01.2017 7 771 0 Дауыл

Үлес

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Қосылып, бірнеше адам ортақтасып,
Үй салып, ортасынан дүкен ашып,
Саудасы жұғымды боп, байып әбден,
Шат болып, көңілдері судай тасып,
Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып,
Үлесіп отыр еді шуылдасып.
«Үй жанып барады!» - деп хабар берді
Жүгіріп келіп біреу түсі қашып.
«Жүріңдер, - біреуі айтты, - барайық, - деп,
Есепке қайтып келіп салайық», - деп.
Айтады екіншісі: «Мың сомым кем,
Тоқтаңдар, соны әуел санайық», - деп.
«Кем, - деді, - екі мыңым, - және бірі, -
Қараңдар, ап - анық тұр кемі, міне!»
«Қой, - десті өзгелері, - бұл өтірік,
Болмаса керек қате ондай ірі».
Тауыса алман сөздерінің бәрін теріп,
Әйтеуір зор жанжалдың кірді түрі.
Бірталай ерегіспен мезгіл өтті,
Ұмытты, жанжалдасып, бәрі де өртті.
Есептің бітуіне от қарар ма?
О дағы түтіндетіп келіп жетті.
Шығарға жол жоқ, жалын қамап алған -
Бәрі де мал - мүлкімен күйіп кетті.
Ойласақ, уақиға емес болмайтұғын,
Ел қайда өзін даудан қорғайтұғын?
Қазіргі пайдасына бәрі жетік,
Адам аз алдын қарап болжайтұғын.
Аңдысқан бірін бірі жаудан жаман,
Байқасам, ел белгісі - оңбайтұғын.
Бұл белгі табылып тұр біздің жұрттан,
Таласып, бір - бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арадағы дау - шарына,
Қатерден қапері жоқ келер сырттан.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Күйім тасып барады, күйім тасып. Қасым Аманжолов өлеңі Күйім тасып барады, күйім тасып. Қасым Аманжолов
Күйім тасып барады, күйім тасып, Ойнақтайды он саусақ перне басып. Дүниеге қараймын отты көзбен, Терезесін жанымның айқара ашып.
Кешкі сурет Кешкі сурет
Атасы айтты: - Қарғам,- деп Жігіт болып қалған, - деп Кем болмайды қайткенде Әке тілін алған,- деп.
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы, Теңіздің түбіндей - ақ қарап бақшы. Сол жүректен жылылық, достық пенен Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы.
Бәрін де қойшы... Бәрін де қойшы...
Бәрін де қойшы... Өмір - ай, деймін, Өмір - ай, деймін кейде мен, Күндер де өтті, ойнайтын қыста жейдемен. Кездер де кетті біреулер маған «Ей!» деген,
Қаптесер мен көртышқан Қаптесер мен көртышқан
Қаптесер мен көртышқан Қаптесер келіп айтты Көртышқанға: «Бір хабар шашылып тұр жер - жаһанға. Күн туып біздерге де көз ашқандай,
Қартайған арыстан Қартайған арыстан
Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбынды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар Артына бір қарамай, бәрі кетті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×