ойын сауық отауы
Жел
01.05.2016 3 402 0 Дауыл

Жел

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

«Тәңірі ие, атпады ғой таңың!»- деп,
Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп.
Естіледі терезеден темірлі,
Тұрса керек тыста жүйрік жел гулеп.
Байқаймын: жел ұзақ жолда жабыққан,
Қасірет басып, Сарыарқадан тарыққан
Алып келсе керек ауыр аманат
Абақтыдағы азаматқа зарыққан.
Терезеден үйге кірмек болады,
Аманатты қолдан бермек болады.
Жол бермеген қатты қара темірді,
Ызаланып, зуылдап кеп ұрады.
Үй сілкініп, құлағандай болады,
«Жіберші!»- деп сұрағандай болады.
Қуат кеміп, қажыған соң, жүйрік жел
Өксіп - өксіп жылағандай болады.
Дене күйіп, желге құлақ саламын,
Жанып жүрек, көзіме жас аламын.
Жібермейді қара темір қайырымсыз
Еркін дала, Сарыарқамның сәлемін.
«Тәңірі ием, атпады ғой таңың!»- деп,
Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп.
Естіледі терезеден темірлі,
Тыста соғып жел уілдеп тұр гулеп.

Хан тәңірі Хан тәңірі
Хан тәңірі – қарт Тянь - Шаньнің жүрегі... Хан тәңірі – көк аспанның тірегі... Хан тәңірі – көп жасаған қария, – Хан тәңірі – жер жүзіне жария.
Сағындым Сағындым
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. «Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Тұтқын Тұтқын
Абақтыдан құтқарып, Сәулесін күннің көрсетші. Қаракөз жанға қыз салып, Қара жал жүйрік ат берші.
Сарғайдым Сарғайдым
Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп, Қалың ой - қара жылан жүректі еміп. Ақырын бітіп барам жанған шамдай, Көзіме ыстық жастар мөлт - мөлт келіп.
Мешіт һәм абақты Мешіт һәм абақты
Б а л a: Әкетай, мынау не үй ұзын мойын, Тым ірі, ұлық ұстап тұрған бойын? Басына шыққан адам білер еді - ау Сырын айтпас қаракөк көктің ойын.
Жан жарымды бір сүйейін түсімде Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×