
Көбелек
Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев
Отқа ұшар көбелек,
Қарамай, сорлы, алды - артын.
Ойына кіріп - шықпайды
Күйдірер деп от - жалын.
Шырқ айналып ентелеп
Жүрер де, бір уақ ол қонар.
Ұмтылған оты сорлыны
Күйдірер де, тез тынар.
Құрбылар, іске бет алсақ,
Ойламай қанат қақпалық,
Анау жарық - алтын деп,
Көрінгенге шаппалық!
Желімен кетсек қанаттың,
Көбелектей күйерміз.
Алам деп алтын барғанда,
Күлден кебін киерміз.
Отқа ұшар көбелек,
Қарамай, сорлы, алды - артын.
Ойына кіріп - шықпайды
Күйдірер деп от - жалын.
Шырқ айналып ентелеп
Жүрер де, бір уақ ол қонар.
Ұмтылған оты сорлыны
Күйдірер де, тез тынар.
Құрбылар, іске бет алсақ,
Ойламай қанат қақпалық,
Анау жарық - алтын деп,
Көрінгенге шаппалық!
Желімен кетсек қанаттың,
Көбелектей күйерміз.
Алам деп алтын барғанда,
Күлден кебін киерміз.

Бояуы бір ақша бұлт пен ақ қардың, Көк аспан мен шалқар көлдің түсі бір. Сен де өзіңше талай ойды ақтардың - Мықты болсаң дәл осыны түсіндір.

Жаңбыр жауар себелеп, Жолға шығар ебелек. Гүлге қонар көбелек, Атқа қонар бөгелек.

Тоты құс түсті көбелек Жаз сайларда гулемек. Бәйшешек солмақ, күйремек, Көбелек өлмек, сиремек.

Күш кемiдi. Айбынды ту құлады. Кеше батыр - бүгiн қорқақ, бұғады. Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Күш кемiдi, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады. Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қармаңбай, қарап жатып бақ күтуге, Ізденбей аласұрып, тақ күтуге, Тағдырда, бір тақтайда жазулы деп, Әр іске кім үйретті шақ күтуге?