ойын сауық отауы
Қазақыес
03.05.2016 1 521 0 Дауыл

Қазақыес

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Күш кемiдi. Айбынды ту құлады.
Кеше батыр - бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi, күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмтылды.
Елдiк, бiрлiк, ерлiк, қайрат, бақ ардың -
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз - бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен - тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Таралған түрiк балаларын баурыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!

Ана тілі туралы өлеңдер Ана тілі туралы өлеңдер
Ана! - десем ана тілі ойға оралар. Баладай қуанарсың тойға барар. Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл Олжам да қанжығама байлап алар.
Қазақ тілі Қазақ тілі
Күш кемiдi, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады. Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Зар Зар
Күз жетіп, жердің жүзі солғын тартса, Алтын күн нұры кеміп, салқын артса, Жер жүзі өлім күтіп тұрса жылап Сексенде селкілдеген байғұс қартша.
Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат) Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат)
Дамыл көрмей ерте - кеш, Жұрттың қамын көп жедiң. Байладың белдi, салып күш, Тыныштық жүзiн көрмедiң.
Дін үйреткенге Дін үйреткенге
Қармаңбай, қарап жатып бақ күтуге, Ізденбей аласұрып, тақ күтуге, Тағдырда, бір тақтайда жазулы деп, Әр іске кім үйретті шақ күтуге?
Мен жастарға сенемін Мен жастарға сенемін
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×