ойын сауық отауы
Көңіл
01.05.2016 2 065 0 Дауыл

Көңіл

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Сұм көңілге разы емен мен,
Тез жанад да, тез сөнед.
Бір тілегін істесең сен,
Оған басқа ой келед.
Жас баладан артық жеңсік
Мұндай нәрсе көрмедім.
Тұрағы жоқ шайтан секек,
Тіпті - ақ сырын білмедім.
Бір жар іздеп, болса әуре,
Таптым, бардым қасына.
«Аш құшағың,- дедім,- сәуле!»
Шомылып көз жасыма.
Жанған жүрек, жасты көріп,
Көңілі сенгіш перизат:
«Ақырын,- деді қолын беріп,-
Жанба, сәулем, көрме жат!»
Жанып - күйіп сүйсе таңда,
Кешке сөнген ол отсыз.
Бүгін мұнда, ертең анда,
Тым - ақ нәрсе ұятсыз.

Бірақ та. Қасым Аманжолов Бірақ та. Қасым Аманжолов
Бірақ та күн мәңгілікке тұтылмас, Күн екені тұтылса да ұмытылмас. Тұтылғанмен бүгінгі күн, дәл ертең Күлім қағып шығатыны ып - рас.
Мағынасыз мешіт Мағынасыз мешіт
Мешіт көзге көркем, өзі биік Тұрады жұмасына жұрт жиылып. Ғибраттанып борышымды өтейін деп, Мен бардым шаттықпенен көңілім сүйіп.
Сүйгеніме Сүйгеніме
Жандым - күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей, Еш жанға сенен басқа көңіл бермей. Сен - бір жақ, жалған - бір жақ, қатар қойып, Сені іздедім, жалғаннан
Сүй жан сәулем Сүй жан сәулем
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! Жылы, тәтті у тарады қаныма. Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы, бүкіл дүние малына.
Жарыма Жарыма
От жұтқан туысқанның халін көріп, Күнәсіз судай аққан қанын көріп, Айрылған ар - намыстан қарындастың Көз жасы, қалың қайғы, зарын көріп.
Бақ Бақ
Бұлттар басып жасырған, Жана түсіп басылған, Таң шапағы сөніп тұр. Жаңаланған өмірден, Жаңа шығып көрінген
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×