ойын сауық отауы
Бақ
03.06.2016 11 148 0 Дауыл

Бақ

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Бұлттар басып жасырған,
Жана түсіп басылған,
Таң шапағы сөніп тұр.
Жаңаланған өмірден,
Жаңа шығып көрінген
Гүл қамауда семіп тұр.
Балалықтан басталып,
(Тастаймын аз жасты алып,
Есіме нағыз енгенше)
Көрдім қызық, көрмедім?
Көрсем, баға бермедім
Бозбала жас келгенше.
Құстай түлкі алатын,
Жайып алтын қанатын,
Уылжыған от лепті
Жігіттік жас келді де,
Ойды біраз бөлді де,
Тұрағы жоқ ол өтті.
Қудым бақты, іздедім,
«Табамын ғой тез» дедім,
Азап шекті тән-жаным.
Қарап жақын-жырақты,
Жақтым түрлі шырақты,
Таптырмады қуғаным.
Үміт сүйрер жыраққа,
Жетесің деп мұратқа,
Талықсам да ізденіп.
Қашан көңіл жарасар,
Арқа-басың босанар,
Рақатты жаз келіп?
Қашан жанып шамшырақ,
Сәуле беріп жарқырап,
Болар жарық төрт тарап?
Қашан маған іздеген
Келіп жылы жүзбенен,
Болар серік бақ қарап?!
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Бақытсыз екен демесін. Бақытсыз екен демесін.
Жанымды кезіп елесің, Сен маған үміт бересің. Шын бейнеңді көрсетіп, Айтшы сен қашан келесің.
Орамал Орамал
Қасірет батты жаныма, Уға толды жас жүрек. Орамалды жарыма Бітірем қашан кестелеп...
Көңіл Көңіл
Сұм көңілге разы емен мен, Тез жанад да, тез сөнед. Бір тілегін істесең сен, Оған басқа ой келед.
Тарту Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа, Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па?!
Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынов Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынов
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап! Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! Шақырды тауық мана әлдеқашан, Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Жауға түскеннің сөзі Жауға түскеннің сөзі
Жанға көңіл қалып тұр, Жан бұл күйге салып тұр. Тәнге көңіл қалып тұр, Тән шыдамай, арып тұр.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×