ойын сауық отауы
Немере мен әжесі
02.05.2016 2 460 0 Дауыл

Немере мен әжесі

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

- Айтшы, әжетай, көк деген не?
Теңбіл - теңбіл көктеген бе?
Жұлдыз көзін жымыңдатса,
Ай - әжесі: «Тек!»- деген бе?
Бұлттар бөрте ешкідей дәл
Мана тізген көк көгенге.
Қатар көкте шұбырып барад,
Ағытып біреу: «Шек!»- деген бе?
- Қой, құлыным, обал, обал,
Молда оқытар, мектепке бар.
- Әже - ау, біздің Лұқбек айтад:
«Жер - ойнайтын доп,- деп айтад.-
Тағы алыста теңіз де бар,
Тіпті түбі жоқ!- деп айтад,-
Шөл деген бір жер бар,- дейді,-
Ылғи қызыл шоқ!»- деп айтад.
Айтшы, әже, әже, әже
Рас па сол? Айтсаң қайтед?
- Мен білем бе, мен бір надан,
Ертең сұра, бар, молдадан!
- Айтшы деймін, айтшы, әжекем,
Теңіз деген сұйық па екен?
Алыста өскен тау бар дейді,
Басы көкке тиіп пе екен?
Тау жағындағы әлгі жүйрік
Қоян ба екен, киік пе екен?
Аю деген біздің мынау
Көк бұқадан биік пе екен?
- Тек!- деп ем ғой,- тентек, тентек,
Мұны айтатын мектеп, мектеп!

Бақытсыз екен демесін. Бақытсыз екен демесін.
Жанымды кезіп елесің, Сен маған үміт бересің. Шын бейнеңді көрсетіп, Айтшы сен қашан келесің.
Бауыржан Ретбаев - Қазір айтшы Бауыржан Ретбаев - Қазір айтшы
Бауыржан Ретбаевтың "Қазір айтшы" жаңа әніне бейнебаян
Әй, қарындас! Әй, қарындас!
Айтшы қане, Қандай жігіт ұнайды?
Бородино Бородино
– Айтшы, аға, неғып жеңілдік Мәскеуде емес тегіндік, Болған білем соқтығыс, Емес білем аз жұмыс.
Бұтақ Бұтақ
Айтшы, бұтақ, қай жаққа, Жолың болсын, жүзесің? Толқыннан таудай қорықпастан, Теңізді түпсіз кезесің!
Нұрлан Әлімжан - Айтшы Нұрлан Әлімжан - Айтшы
Нұрлан Әлімжан - Айтшы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×