ойын сауық отауы
Осы күнгі күй
02.05.2016 2 107 0 Дауыл

Осы күнгі күй

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе қараңғыда,
Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Тақаулы тамағында өткір пышақ,
Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз.
Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес,
Болды ма қайран қазақ тастай жансыз?
Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің,
Құл болдың қара табан енді малсыз.
Ортаға қамап алып қырып жатыр
Қара жүрек «надандық» қолмен сансыз.
Қазағым, арыстаным, қайратты ерім,
Тұрдың ба қару қылмай, құр амалсыз?
Өзіңдей адамзаттар не ғып жатыр,
Бос жүрсің баспанасыз, үйген тамсыз,
Сандалдың: алдың - боран, артың - тұман,
Түк көрмей сәуле берер шырақ - шамсыз.
Білімсіз ит надандық жеңгені ме?
Буының қалтырайды болып әлсіз.

Оян қазақ! Міржақып Дулатов Оян қазақ! Міржақып Дулатов
Оян қазақ! Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп, Қарағым, енді жату жарамас - ты.
Бай мен кедей Бай мен кедей
Бай болдың, батыр болдың, шешен болдың, Ел билеп, топ бастаған көсем болдың. Сен қылмаған өнер жоқ бола қойсын, Бір адам қандай болсын десең, болдың.
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Қараңғы, дауылды түн Қараңғы, дауылды түн
Қараңғы, дауылды түн cap далада, Патшалық құрған өлім айналада. Шыраққа қолымдағы от тұтаттым, Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?»
Қазағым Қазағым
Қазағым, таянды ғой қылта мойын, Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. Қарашы өзіңе өзің көз жүгіртіп, Жараспас бұдан былай күлкі - ойын.
Сорлы қазақ Сорлы қазақ
Сорлы қазақ жан алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, біткен ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×