ойын сауық отауы
Қараңғы, дауылды түн
03.05.2016 1 633 0 Дауыл

Қараңғы, дауылды түн

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Қараңғы, дауылды түн cap далада,
Патшалық құрған өлім айналада.
Шыраққа қолымдағы от тұтаттым,
Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?»
Тұрса да қара бұлттар көктен төніп,
Соқса да жел жынданып, өршеленіп,
Мың шүкір, әлсіз қолда әлсіз шырақ
Жылтырап жанған боп тұр, қалмай сөніп.
Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар,
Жарығы болмаса да жан таң қалар.
(Риялы - арабша: сөз бен істің қабыспауы, екіжүзділік).
Сәулелі аспанда алтын, күміс нұрлы
Айбынды Күн мен Айға дәл парапар.
Менсінбес жөпшеңдіні көп маңғаздар,
Тең таппай, кекеп, мұқар сансыз паңдар.
Қайрылып қарамасын - «қап!» демеймін,
Табылар шыраққа көз салар жандар.

Әлсіз адам, әлсіз әлем, Әлсіз адам, әлсіз әлем,
Әлсіз адам, әлсіз әлем, Жыбырлаған жансыз әрең. Көзге жылтыр көрінгенмен, Иісі жоқ, дәмсіз әлем.
Көшеді бұлттар... Көшеді бұлттар...
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар, көшеді, Қоштасар қимай көк аспан - өлең - төсегі. Көшеді бұлттар көкжиектерді бетке алып, Көшеді бұлттар, көшпелі
Нөмер Нөмер
Бұлттар төніп келеді, Нөсер жауар жиылса. Бұлттар төніп келеді, Сауыны келген сиырша
Өмір Өмір
Мана көкті қаптап еді қара бұлт, Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт: Көк тұнжырап мұңайып, қабақ жауып, Көз ашқанда аспанда жарқылдап от.
Осы күнгі күй Осы күнгі күй
Ойламай отқа түскен неткен жанбыз, Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз. Көрінбес көзге түртсе қараңғыда, Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Бақ Бақ
Бұлттар басып жасырған, Жана түсіп басылған, Таң шапағы сөніп тұр. Жаңаланған өмірден, Жаңа шығып көрінген
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×