ойын сауық отауы
Сең
02.05.2016 1 942 0 Дауыл

Сең

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Сары аяз - сүйген жар
Қайрылмай кеткен соң,
Қайратсыз қалың қар
Жылаумен біткен соң.
Жел сипап, Күн күліп,
Мазақ қып сүйген соң
Боларын бір сұмдық
Ішінен түйген соң
Қалың мұз кәрленіп,
Қара көк түс алды.
Еруге арланып,
Кетпекке ойланды.
Бұзыла - жарыла,
Антұрған аптықты.
Өзеннің жарына
Асығып соқтықты.
Барында шамасы,
Суыққа қашпақшы.
Мұз теңіз - анасы
Құшағын ашпақшы.
Өткен соң жаз алты ай,
Ашуын жимақшы.
Өзенді еркетай
Ойыннан тыймақшы.
Қалың мұз қара көк,
Ойлама құр бекер
Суыққа жетем деп,
Ыстық күн ерітер.

Бола бермес бәйгеде әркім алды Бола бермес бәйгеде әркім алды
Бола бермес бәйгеде әркім алды, Жетем деген көп жерден көңілім қалды. Қақсам болдым барында қанатымды, Бақсам болды әлпештеп балаларды.
Сүйген – сұлу Сүйген – сұлу
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - қой көзді деп атайды мұндайларды. Ол көздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Өзеннің суын жел тербеп Өзеннің суын жел тербеп
Өзеннің суын жел тербеп, Ақ төсін керіп шайқалад. Біресе ауыр күрсініп, Біресе тынып жай табад.
Сүйгеніме Сүйгеніме
Жандым - күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей, Еш жанға сенен басқа көңіл бермей. Сен - бір жақ, жалған - бір жақ, қатар қойып, Сені іздедім, жалғаннан
Сарғайдым Сарғайдым
Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп, Қалың ой - қара жылан жүректі еміп. Ақырын бітіп барам жанған шамдай, Көзіме ыстық жастар мөлт - мөлт келіп.
Адастым Адастым
Артымда қазақ қалың ел, Тақтақ жалғыз қара жол, Кетіп бара жатыр ем.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×