ойын сауық отауы
Сәуле
02.05.2016 1 395 0 Дауыл

Сәуле

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Көрісе алмай зарығып,
Сарғайысқан екі жас,
Әлдеқалай тура кеп,
Көріседі - көңіл мас.
Мөлдіресіп көздері,
Бір - біріне қарайды.
Қысқа болды сөздері,
Жылы у бойға тарайды.
Ауызға ауыз тиісті -
Денелері балқыды.
Тілден тәтті сүйісті -
Жүрек жанды, шалқыды.
Ыстық лебіз сүйгенде
Өртегендей жүздерін.
Енді дене күйгенде
Ашты екеуі көздерін.
Оянысса, адам жоқ,
Түс алдайтын жау ма екен?
Бір - бірін түсте сүйсін деп,
Ойнап сүйген сәуле екен.
Есінеп, бір керіліп,
Қайта тағы жұмып көз:
«Ұйқымды, сәуле, бұздың!»,- деп,
Жатты жамылып сұлу қыз.
Абақтыда оянып,
Жігіт «уһ» деп дем алды.
Көрген түске жұбанып,
Сәулеге алтын қуанды.

Сағындым Сағындым
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. «Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Ертеңгі сәулелер Ертеңгі сәулелер
Көкте жүзіп жарық күн, Нұрын шаша бастады. Оянсын деп жер жүзі, Алтын сәуле тастады.
Сүй жан сәулем Сүй жан сәулем
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! Жылы, тәтті у тарады қаныма. Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы, бүкіл дүние малына.
Зар Зар
Күз жетіп, жердің жүзі солғын тартса, Алтын күн нұры кеміп, салқын артса, Жер жүзі өлім күтіп тұрса жылап Сексенде селкілдеген байғұс қартша.
Еділде Еділде
Бүктетіліп жатқан бел Сүтке тойған марқадай. Бұйра қою қарағай Белге біткен шалқалай.
Түс Түс
Жарық сәуле, Айды, Күнді көрмеймін, Жарты өлік, толық өмір сүрмеймін. Қуанышты, азат жүрген халықтың He істегенін, не дегенін білмеймін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×