ойын сауық отауы
Туған жерім – Сасықкөл
03.05.2016 2 686 0 Дауыл

Туған жерім – Сасықкөл

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Алыстан мұнарланып шалқыған көл,
Бетіңде күннің нұры балқыған көл.
Жарысып саф күмістей ақ көбігің,
Мап - майда мөлдірінде қалқыған көл.

Жанында жас балалар ойнаған көл,
Жан - жануар суыңды ішіп, тоймаған көл
Көз салып жалтырыңа, мұңға батып
Ғашықтар жарын іздеп, ойлаған көл.

Шешініп қыз - келіншек су алған көл
Әр жанды мөлдіріңнен суарған көл
Масайрап, суға тойып төрт түлік мал
Дөңіне ойнақ салып, қуанған көл.

Сыртыңда ақ боз үйлер жарасқан көл,
Байларың кедейлерге қарасқан көл
Ағайын тату - тәтті – қоныс бірге,
Саулықты сағат сайын сұрасқан көл.

Түрлі құс әуез қосып, шулаған көл
Шуақта балықтарың тулаған көл
Сапырып сары қымыз ертенді - кеш
Басында кеңес құрып, дулаған көл.

Сасық деп еркелетіп, ат қойған көл,
От - суға иең түгіл, жат тойған көл,
Назданып, жүйрік мініп, тарлан шүйіп,
Көксілдер тұс - тұс жақтан ат қойған көл.

Кір жуып, кіндік кесіп, сенде өскен көл,
Құрбымен ойнап - күліп, кел дескен көл,
Жарысып, тайға мініп, батпаққа аунап
Күресіп күн батқанда белдескен көл.

Айдын көл, ата қоныс, құт болған көл
Сусын боп сұрағанға, от болған көл
Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта
Бейне бір сенің басың сүт болған көл.

Білмеймін не боларың, қайран көлім
Жарайды тең болмаса күн мен түнің
Итиіп қарашекпен келіп қонса
Басыңнан құсың ұшып кетер сенің.

Сағындым, жайық - Жұбан Молдағалиев Сағындым, жайық - Жұбан Молдағалиев
Сағындым сені, Жайық, алма бақты, Өткізгем өз бойыңда жастық шақты. Сүюші ем төңкерілген толқыныңды. Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.
Наурыз келді ауылға нарға мініп Наурыз келді ауылға нарға мініп
Наурыз келді ауылға нарға мініп, Қаңқылдап жүр аспанда қарға күліп. Жадырайды дүние жарқылдайды, Жақын келіп қалғандай алдағы үміт.
Қамқор Қамқор
Ойнақ салып бұзауым, Қарашы үйден ұзауын. «Ойна,- дей ме,- берірек», Енесі тұр мөңіреп.
Өлеңнің ұйқасы Өлеңнің ұйқасы
Талапсыз сорлы - «ойлаған», Ойға терең - «бойлаған», Есалаң, уға - «тоймаған», Қажып бір ойын - «қоймаған».
Туған жер Туған жер
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын - шіркей қуған жер.
Жазғытұры Жазғытұры
Су ақты, жетті апрель, қырдан ойға, Секіріп арық-тұрақ кетті тойға. Жас бала: «Жазғытұры туды»,- десіп, Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×