
Өлеңнің ұйқасы
Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев
Талапсыз сорлы - «ойлаған»,
Ойға терең - «бойлаған»,
Есалаң, уға - «тоймаған»,
Қажып бір ойын - «қоймаған».
Есер жүрек - «ойнаған»,
Өлгенше үміт - «жоймаған»,
Жындыдай жалғыз - «тойлаған»,
Жалықтырды - «ой» да «ған»...
Құрысын өлең! Қой бағам!
Талапсыз сорлы - «ойлаған»,
Ойға терең - «бойлаған»,
Есалаң, уға - «тоймаған»,
Қажып бір ойын - «қоймаған».
Есер жүрек - «ойнаған»,
Өлгенше үміт - «жоймаған»,
Жындыдай жалғыз - «тойлаған»,
Жалықтырды - «ой» да «ған»...
Құрысын өлең! Қой бағам!

Күңгірт түспен ойға батып, Орындыққа отырған. Жүрек қаны сыртқа атып, Бет аузынан оқылған.

Өмірде ойға түсіп кем - кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің. Сонда сенің отыңды басатұғын, Осы өлең — оқитұғын дұғам менің.

Таудай сөздің түйіні бар тарыдай, Өлеңнің де бермейді ғой бәрі ұнай. Маған Пушкин - «Есімде өткен сол бір шақ» Маған Абай -«Желсіз түнде жарық ай».

Кейде есер көңіл құрғырың, Махаббат іздеп талпынар. Ішем деп бейнет сусынын, Асау жүрек алқынар.

Айрылдым сенен, жан сәулем, Көруге енді жоқ үміт. Бірақ соңғы сөздерің Кетпейді естен боп ұмыт.

Алыстан мұнарланып шалқыған көл, Бетіңде күннің нұры балқыған көл. Жарысып саф күмістей ақ көбігің, Мап - майда мөлдірінде қалқыған көл.