ойын сауық отауы
Заман кімдікі - Сәбит Дөнентаев
05.03.2019 1 579 0 Дауыл

Заман кімдікі - Сәбит Дөнентаев

Өлеңдер
ЗАМАН КІМДІКІ? - Сәбит Дөнентаев
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі,
Дүниенің патшалығы, батырлығы —
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.
Жуас қой — ен жайылған қасқырдікі,
Құл еркі қожайыны тақсыірдікі,
Құр қалмақ, әр орында қырсық шалмақ
Тартыншақ, жалқау қарабасқырдікі.
Даулы мал — ебін тапқан шешендікі,
Пыш - пышқа бағы ашылған көсемдікі.
Еті мол, қымызы мол, қалтасы тоқ
«Мінеки мені - ақ кісі» десеңдікі.
Жарысқа тіккен бәйгі озғандікі,
Ем болмас өңешін құр созғандікі,
Талайда, талай үшін талапта жоқ,
Әлсіреп, кеміп бағы тозғандікі.
Жаным — хақ, қара басым — патшанікі,
Аброй, кісілігім — ақшаныкі,
Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім
Ашулы жұдырығы зор саспанікі.
Жансыздық — іссіз қарап тұрғандікі,
Құр тілек құдай әбден ұрғандікі,
Күш - қуат жанталасып жинамасаң
Мал, басын, бұрын үміт қылғандікі,

Бит пен бүрге - Сәбит Дөнентаев Бит пен бүрге - Сәбит Дөнентаев
Бір байдың, жабысып бит төсегінде: Еркі бар сорып қанын, жесе күнде, Тұрыпты сол күйменен біраз заман, Басқа жоқ мұның көңіл есебінде.
Сыр - Сәбит Дөнентаев Сыр - Сәбит Дөнентаев
Жақын досты көре алмай, Жалпы досқа сене алмай, Ойды заман тізерлеп, Жүр - ау шыбын өле алмай
Талап - Сәбит Дөнентаев Талап - Сәбит Дөнентаев
Әр дәулет саған даяр етсең талап, Бақ келмес іздеп сені жатсаң қарап, «Нұр жауар талаптыға» деген қарттар, «Жүргенге жөргем...» бар ғой бұрыннан - ақ!
Көңіл мен тіл - Сәбит Дөнентаев Көңіл мен тіл - Сәбит Дөнентаев
Тіл көңілдің тілмәші, Көңілдің жоқ сырласы, Тілмәшіңді оң жұмсап, Теріске, көңілім, бұрмашы:
Замандастар - Сәбит Дөнентаев Замандастар - Сәбит Дөнентаев
Жабысайық өнерге, Ынтықпай қарап өлерге, Өзіміз керек демесек, Керек қи бізді келер ме!
Қызыл жалау Қызыл жалау
- Жалынды жалау кімдікі? - Тұрағы тарғыл тас қия, Арбаңдаған Азия - Жалындай жалау соныкі,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×