ойын сауық отауы
Ұлан
03.05.2016 2 255 0 Дауыл

Ұлан

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Heгe ойлайсың, құлыншағым?
He мұңың бар, айт, қарағым!
Жассың, ойға әуес болма,
Ой жеткізбес, ол - бір сағым!
Ұлғаярсың, өзі - ақ басар,
Жастық - күліп - ойнар шағың.
Іш пысса - малды арала,
Жүр ғой шауып құлыншағың!
- Жоқ, бармаймын, апа, малға,
Кетем алыс, шығам аңға!
- Шерің болса, домбыраңды ал,
Домбыраңды ал, ән шырқап сал.
Даусыңды естіп, жас сұлулар
Талып жұтсын тәтті улы бал.
Беттеріңнен қан тамып тұр,
Тал қызығады бойыңа тал.
Heгe ойлысың, ерке марқам,
Бір қаракөз болмай ма жар?
- Қарамаймын, апа, жарға,
Кетем алыс, шығам аңға!
- Сені тапқан мен анаң ғой,
Қарашығым, сен балам ғой!
Алыс жолға кетсең, қозым,
Күтіп, күйіп, мен жанам ғой.
Қарт күнімде сенсіз, сәулем,
Сағынып сені, сарғаям ғой.
Мені десең, еркетайым,
Кетпе алысқа, қой, балам, қой
- Ренжіме, апа, күтпе, жанба,
Кетем алыс, шығам аңға.
Кетті алысқа - шығып аңға!..
Жолаушылық желге таң ба?
Малың, жарың, туысқаның
Байлау болмас жүйрік жанға!
Кетіп бара жатқанында,
Жау кез келді жалғыз жанға.
Найзаласты, қылыштасты,-
Ұлан өлді батып қанға,
Ұлан өлді батып қанға,
Тыныштық тапты асау жан да.

Жалғыз келдім бұл өмірге... Жалғыз келдім бұл өмірге...
Жалғыз келдім бұл өмірге, Жалғыз кетем, Өкпем жоқ! Рахмет саған бәрі үшін көптен-көп. Өмірімді бір жан үшін ойран қып, Көңілімді түсірмеймін
Бала туралы өлеңдер Бала туралы өлеңдер
Сені қашан көрем деп, Үйге асығып жетем. Үлбір беттен өбем деп, Ұшып - ұшып кетем.
Ayree Ойладың ба? Ayree - Oıladyń ba? Ayree Ойладың ба? Ayree - Oıladyń ba?
Әлемнің сан түрлі бояуына Іштегі сезімдер боялды ма? Сен мені бүгін бір ойладың ба? Ойладың ба? Ойладың ба?
Жол туралы мақал - мәтелдер Жол туралы мақал - мәтелдер
Жол туралы мақал - мәтелдер Жолға шыққан жолдан табылар Айналыс та болса жол жақсы, Ақсақ та болса қыз жақсы.
Ананың хаты Ананың хаты
Байғұс ана хат жазыпты, Депті «балам сағындым», Ұмыттың ғой бізді тіпті, Бір келмедің неғылдым?
Айығып келем Айығып келем
Айығып келем. Айығып келем бәрінен. Емделіп жүрмін, жақсылар берген дәрімен. Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең, Кеңістіктерге сапарға шығам әлі
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×