ойын сауық отауы
Арабтан
03.05.2016 1 338 0 Дауыл

Арабтан

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Қаһармен қарғып, шапшып, ақырып ұмтылған,
Арыстанға қарсы шапқан ерлерің -
Барқылдаған бір төбеттен қаймығып,
Қалайша іздер таса, сая жерлерін?!
Жазғытұрым көл боп жауған жаңбырың
Жомарт ердің бергеніне жете алмас:
Қапшық - қапшық алтын - күміс ер берер,
Тамшылаудан жаңбыр асып кете алмас.
Тамаша - ау жазғытұрым жеткенінде,
Көк жылап, мазақ қып жер күлгеніндей.
Жайнаған жердің жүзі алтын - күміс,
Сақтық қып ерте Тәңірі көмгеніндей.
Сопысынба, қара жүрек бол да қал,
Тізе көрсең қара жүрек адамнан!
Көп наданның мәжілісіне кез келсең,
Білем деме, болып көріп наданнан!
Басқа келген қорлыққа
Жалғанда жан шыдамас.
Шыдап тұру зорлыққа
Арлы жанға ұнамас!
Қу қазықты жаны жоқ
Алмасак егер есепке,
Қорлыққа, намыс - ары жоқ,
Шыдайтын жалғыз есек те.
Сендей сұлу тірі жан
Көргенім жоқ жалғанда,
Сендей бала таба алмай,
Талай ана арманда!
Кемшіліксіз сын - сымбат,
Көп артықсың хордан да.
Жаратылдың еркіңмен,
Еркіңе Құдай салған да!

Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға
Қабыл ғып Алла тілекті, Қуанта берсін жүректі. «Алтын тойым болғай» деп, Тілеумен қанша күн өтті.
Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртас – Махаббат деген. Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртас – Махаббат
Қазақ эстрадасындағы қос жұлдыз Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртастың бірге түсірген бейнебаяны.
Ғабидоллаға Ғабидоллаға
Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын, Қайдан білсін өмірдің көбін азын. Бәйтеректі күндейді жетемін деп, Жылы күнге мас болып, көрсе жазын.
Зар Зар
Күз жетіп, жердің жүзі солғын тартса, Алтын күн нұры кеміп, салқын артса, Жер жүзі өлім күтіп тұрса жылап Сексенде селкілдеген байғұс қартша.
Жер жүзін топан басса екен Жер жүзін топан басса екен
Жер жүзін топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Таудай толқын құтырып, Улы көбік шашса екен!
Тілегім Тілегім
Қайғылы қыс қар, боранмен қорқытып, Жанға рақат жайнаған жаз бітпесе, Сылаңдаған алтын күнім тез өтіп, Қайғы-мұңмен жас төгер шақ жетпесе.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×