ойын сауық отауы
Адалмын деп, араммын деп айта алман
04.05.2016 2 336 0 Дауыл

Адалмын деп, араммын деп айта алман

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Адалмын деп, араммын деп айта алман,
Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім.
Арамдықтын, кемесінде шайқалған,
Тектек болған тайыншадай ділгірдім.
Адалсың деп көңілімді көпсітпе,
Адалдықты ала келгем анамнан.
Арамсың деп өмірімді өксітпе,
Жұмыр басты пенде болып жаралғам...
Адалдығым, арамдығым байқалған,
Жырым менің - сырым менің - шар айна.
Адалмын деп, араммын деп айта алман,
Сен сұрама, жарай ма?

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өкпелетті дей алман өмір мені Өкпелетті дей алман өмір мені
Өкпелетті дей алман өмір мені, Кейбір ойым ұшқанда көңілдегі. Салауат боп, сал денем жеңілдеді. Қуантты да дей алман өмір мені,
Қарт ақынның дегені Қарт ақынның дегені
Көбелек деп жүрсің бе отты айналған? Қуатым бар кеудемде щоқтай жанған. Кер бестімін кермеде қаңтарылған, Бәйге болса қалайда шаппай қалман.
Халқым барда Халқым барда
Шыныменен дос жоқ - ау дос жоқ менде. Сонда қалай, өмірім босқа өткен бе?! Осылай бір байламға келдім бүгін, Қарадым да сүйіскен қос кептерге.
Отыз бесінші көктемім Отыз бесінші көктемім
35 жыл. Уақыт қой көп - көрім. 35 жыл қуарып, 35 жыл көктедім. 35 күз, 35 қыс, 35 жас, Осал өмір емес қой отыз бес жас...
Жасасаң қайыр, қарыз... Жасасаң қайыр, қарыз...
Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа, жарқыным! Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының. Өгіз боп саған, өткерер менің жайым жоқ. Өмірдің қалған тамтығын.
Ақын ініге Ақын ініге
Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған, Мен - бір бәйек жорғамын байпаңдаған... Күлесің - ау, Күлесің... Сайтан - бала, Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×