ойын сауық отауы
Алматының аспаны
04.05.2016 2 615 0 Дауыл

Алматының аспаны

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Тал түсте,
Бозғыл деңгейде,
Шуағын жерге төккен Күн.
Жылымық қыста кей - кейде,
Иісі келер көктемнің.
Ұмыттырар ақпанды,
Боз аспан, онан боз дала.
Осынау ғажап шақтарды,
Қозғама, тәңір, қозғама!
Оралады өткен күз,
Қыс келеді.
Төсі қар.
Ұзатылған көктем - қыз
Қайта оралса, несі бар?!
Ішке сыйған баламыз,
Сыртымызға сыяды.
Кең ғой біздің даламыз!
Зиялы да ұялы.
Қайдан келсін бірақ та,
Мезгіл жетпей қыз - көктем.
Қарашы анау қыратқа,
Арқасына мұз шөккен.
Алматының аспаны,
Бізді әзірге тұр алдап.
Қайың, терек бастары,
Барады әне, қыраулап...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Түнгі Алматы Түнгі Алматы
Түнгі Алматы тұманы ашылғанда, Алатауға ай келіп асылғанда Нұр жанады, аспанның жұлдыздары, Алматының үстіне шашылған ба?!
Көктем де келер Көктем де келер
Көп кешікпей көктем де келер енді, Көгеретін тіршілік көгереді. Қу бұтағы арса - арса кәрі еменге, Келер көктем, білмеймін, не береді?
Ескі әнді, шеше, қозғама! Ескі әнді, шеше, қозғама!
Босқанда - ел - жұрт боздаған! Ескі әнді, шеше, қозғама! Елестеп маған өтеді: Кұлазып жатқан боз дала,
Біздің көктем Біздің көктем
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Анау - аспан, мынау - бақ Анау - аспан, мынау - бақ
Анау - аспан, мынау - бақ, Аспанда бұлт, бақ жадау. Мамық ұшты, қылаулап, Қыс та келіп қалған - ау.
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері №2 Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері №2
Мына қасқа... Қор болған жылдарым-ай, күндерім-ай! Асауға ауыздықсыз мінгенім-ай! Мына қасқа бәрін де біле тұрып, Мына қасқа бірін де білмеуін-ай!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×