ойын сауық отауы
Қабағы таудың қатулы
14.05.2016 1 545 0 Дауыл

Қабағы таудың қатулы

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қабағы таудың қатулы,
Қар жауа ма, қайтеді?!
Бұлақтар мұңға батулы,
Мұз тұра ма, қайтеді?!
Ай туыпты шалқалап,
Шатынап аяз болар ма?!
Тыныстай қапты шартарап,
Шарқ ұрып дауыл соғар ма?!
Жапсаң жап тауды, қыратты,
Жаусаң, жау, ақ қар, үш апта!
Бұйығып жатқан бұлақты
Бұрқана келіп құшақта.
Дала, орман тегіс ілбіпті,
Соқсаң соқ, дауыл, серпіл бір!
Мына бір бейқам тірлікті
Желпіндір, дауыл, желпіңдір.
Шалқадан туған Айды да
Орақ қып көкке шаншып қой.
Жол ашсаң мұңға, қайғыға
Тірлігің онда мансұқ қой.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Дауыл. Қасым Аманжоловтың өлеңі Дауыл. Қасым Аманжоловтың өлеңі
Ышқына соққан дауылға Құмартушы ем жасымда Нөсерлеп құйған жауында Қызығушы ем жасынға.
Дауыл Дауыл
Ышқына соққан дауылға Құмартушы ем жасымда. Нөсерлеп құйған жауында Қызығушы ем жасынға.
Революция жаңғырығы Революция жаңғырығы
Екі дүние ерегісіп жатқанда Сұңқар құлап жартасқа, Дауыл тұрған шақтарда, Күшігендер ақпанда,
Маған, құрбым, кектенбе Маған, құрбым, кектенбе
Өкініш қып өткен менен кеткенге, Өтінемін, маған, құрбым, кектенбе. Алай - түлей қарлы дауыл соқпай ма? Аласапыран ең алғашқы көктемде.
Көңілім Көңілім
Көңілде дауыл. Көңілде оттар жанады. Қуаныш - қайғы бірін - бірі жабады. Жүрегім сонда жадырап, сергіп қалады, Дауыл мен оттан рақат, дамыл табады.
Есіңе мені алғайсың Есіңе мені алғайсың
Нұр жауып тұрған көктемде, Гүл тере барсаң бөктерге, Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×