ойын сауық отауы
Ауғанбай
04.05.2016 1 782 0 Дауыл

Ауғанбай

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қару орнына қамшы алып,
Жол жүрдік біздер қаншалық.
Қанымыз кеуіп, тамсанып,
Бұлақтың суын аңсадық.
Қауымға қарап, жар салып.
Қоныс іздедік, жан салып,
Ақыры біздер шаршадық.
Қалмағы шауып бір өтті,
Қалғаны шауып бір өтті.
Ұйыған сүттей қайран ел,
Бас ауған жаққа дүр етті.
Қармадық босқа түнекті,
Таппадық тұтам тіректі.
Бермеді тағдыр тілекті,
Итшілеп жүріп күн өтті.
Үзіліп қалған армандай,
Еш нәрсеге де таңданбай,
Еш нәрсеге де алданбай,
Дүние жиып, малданбай,
Міністен қалған тарландай,
Жүрістен қалған арландай,
Таспасын тіліп, қамшы өріп,
Отырар еді Ауғанбай.
Адасып көштен қалғандай...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды
Біздер жүрміз дер кезінде туылып, Суға түсіп, отқа өртеніп, жылынып, Жетімдердің ұясына тығылып, Жесірлердің көз жасына жуынып,
Қыс келген күні Қыс келген күні
Тысқа шықсам, Күн шыңылтыр, ңар жауған. Ызғар, аяз атырылып бар маңнан, Асып анау асқар - асқар таулардай,
Қашанғы бұлай өтеміз Қашанғы бұлай өтеміз
Қашанғы бұлай өтеміз, Қашsқтап жүріп екеуіміз! Анамыз тасқа жерік боп, Тас болып түстік пе екенбіз!?
Сонымен күндер өтті Сонымен күндер өтті
... Сонымен күндер өтті, Күндер өтті... Кімдер кеп, кімдер өтті?! Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Интервью Интервью
(Шет елдік әріптеске) Біз мына қоғамменен бірге өсеміз. Тілдесеміз, үнімен үндесеміз. Ақиқатты айтуды бізден сұра, Ақиқатты айтуды білмесеңіз.
Үзіліп түскен алмадай Үзіліп түскен алмадай
Үзіліп көңіл қалғаны - ай! Арыма басқан таңбадай, Арылмай қойды - ау дау - дамай! Тасыған көңіл арнадай,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×