ойын сауық отауы
Үзіліп түскен алмадай
11.07.2016 2 324 0 Дауыл

Үзіліп түскен алмадай

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаевтың өлеңі Үзіліп көңіл қалғаны - ай!

Үзіліп көңіл қалғаны - ай!
Арыма басқан таңбадай,
Арылмай қойды - ау дау - дамай!
Тасыған көңіл арнадай,
Таусылып бүгін қалғаны - ай!
... Қиылып қалған құрақты,
Қиын да болар жалғау - ай!
Шоқтанып жанған көгімде,
Шолпаным бар ғой менің де.
Жолдассыз, доссыз тегінде,
Өткерген өмір өмір ме?!
Өкініш көп қой көңілде.
Осы да жақсы, кім білсін,
Ділгірсі көңіл, ділгірсін.
Өкініш, ынсап бір жүрсін.
Алайда, доссыз өткерген,
Күн құрсын, бауырым, күн құрсын!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қызық өмір Қызық өмір
Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат Қызық өмір, ақырын тұрсаң қарап. Біреулердің еңбегі еш, тұзы cop боп Біреулердің бақыты жүр сорғалап.
Түйсік Түйсік
Киген киім, асқа ырза күндегі ішкен, Жалықтым - ау, осы бір күн көрістен. Үмітім де үзіліп бара жатыр, Мына құрғыр мандышай жүрген істен.
Орта жолда Орта жолда
Көңіл де пәс, пәс кеуде, Аэропортта даң.- дұңмен Затым кетті Мәскеуге, Ақтөбеде қалдым мен.
Жолдастарға Жолдастарға
Күндіз көңіл тыншымас, түнде көңіл, Бәрі аян: Еткен тірлік, сүрген өмір. Түнгі ұйқымды төрт бөліп, мазалаған,
Ауғанбай Ауғанбай
Қару орнына қамшы алып, Жол жүрдік біздер қаншалық. Қанымыз кеуіп, тамсанып, Бұлақтың суын аңсадық.
He айтам саған, жаным - ай He айтам саған, жаным - ай
He айтам саған, жаным - ай, не айтам саған Кете бердім жолменен шайтан салған. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ». Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×