ойын сауық отауы
Аңса, жаным
04.05.2016 2 364 0 Дауыл

Аңса, жаным

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Мен тілейін.
Жарқыным, сен де тіле:
Жақсылық орнасын де жер бетіне.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.
Мен аңсаймын.
Сен - дағы аңса жаным:
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын.
Аңса, жаным,
Зарығып, шарша, жаным,
Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың.
Аңса, жаным!
Мен сағынам.
Сен - дағы сағын жаным,
Адамнан тек жақсылық табылғанын,
Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың,
Аңсаймын алқам - салқам қауымдарын.
Көңілім болса - дағы қанша жарым,
Солармен білінбейді шаршағаным.
Жақсыдан жайлап ескен жан - самалын,
Жабықпай аңса жаным,
Аңса, жаным!..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қызғанып қалма, жаным, сен Қызғанып қалма, жаным, сен
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде күліп кеп, қызғанып қалма, жаным, сен: сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар жігіттер, қызбалық
Сүйген ерін Сүйген ерін
Сүйгісі келе берер сүйген ерін, Сүй, жаным! Сүйкімді бір күйге енемін. Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын, Ағытшы бешпетіңнің түймелерін?
Нені аңсаймын Нені аңсаймын
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Жаным - ай! Жаным - ай!
Жаным - ай! Жабықтырма, жабықтырма, Құмар ғып, көп нәрсеге зарықтырма, Жырымнан тарықтырма, тарықтырма. Жаным - ай, неткен қиын өмір деген!
Жаным, сен жасымағын Жаным, сен жасымағын
Көбейте берме, жаным, шашың ағын, Жаным, сен жасымағын, жасымағын, Нөсерлетіп, бір сәтте басыламын, Шашылады шұғылам, ашыламын.
He айтам саған, жаным - ай He айтам саған, жаным - ай
He айтам саған, жаным - ай, не айтам саған Кете бердім жолменен шайтан салған. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ». Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×