ойын сауық отауы
Бесік басында
29.06.2019 6 270 0 Дауыл

Бесік басында

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық - барлығы менің үшін
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.
Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?
... Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Бесік жыры. Қасым Аманжолов өлеңі Бесік жыры. Қасым Аманжолов өлеңі
Ұйықта десем, күлесің, Айналайын күлкіңнен! Ержеткен соң білерсің, «Тұр - тұрлармын» бір күн мен. «Кешіктің, – деп, – сабақтан», Тынышыңды алсам «тұр
Түнгі Алматы Түнгі Алматы
Түнгі Алматы тұманы ашылғанда, Алатауға ай келіп асылғанда Нұр жанады, аспанның жұлдыздары, Алматының үстіне шашылған ба?!
Солдат арманы Солдат арманы
Тіршілік тұтқасы - күн сөнер Дегенге айтындар, кім сенер? Әлемде тыныштық тұрса егер Біздерміз өмірге нұр себер!
Күзетші Күзетші
Сәлем бере бара қалсам Мұрата,- Тыныштық деп алдымен сұратпа. - Тыныштық па, тыныштық па, балалар? Деп отырар қысы - жазы иықта.
Бибігүлге Бибігүлге
Қарлығаш көмей Құрбым - ау Қай күні, қандай Анадан, Бағына елдің тудың - ау?! Ізеттім, әрі келбеттім, Қасыңда жүріп көрмеппін.
Аңса, жаным Аңса, жаным
Мен тілейін. Жарқыным, сен де тіле: Жақсылық орнасын де жер бетіне. Аққу тіле айдынның келбетіне, Айдын тіле аққуды тербетуге.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×