ойын сауық отауы
Жазғырма мені, жан - аға
08.05.2016 2 058 0 Дауыл

Жазғырма мені, жан - аға

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Жазғырма мені, жан - аға,
Жаманға мені балама.
Жалғыз түп емен көріп пе ең,
Жабырқап тұрған далада?
Емен деп мені бағала.
Еменде жапырақ - жүректер,
Үй етсе самал дір еткен.
Осынау елсіз жапанға,
Жападан - жалғыз кім еккен?
Далада дауыл болғанда,
Сая жоқ жанын қорғауға.
Ұшайын десе қанат жоқ,
Қорғанға - алыс орманға.
Жазғырма мені, жаи - аға,
Жаманға мүлде балама.
Бұлаққа барсаң, жалғыз түп,
Талшыбық тұрар жағада.
Шыбық деп мені бағала.
Кеткенше қиып әлдекім.
Емен де, мейлің, тал дегін.
Әзірге менің бар демім,
Осындай, аға, халдемін...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қайрат Нұртас - Мені бағала Қайрат Нұртас - Мені бағала
Қайрат Нұртас - Мені бағала әніне жаңа бейнебаян.
Өкпелетті дей алман өмір мені Өкпелетті дей алман өмір мені
Өкпелетті дей алман өмір мені, Кейбір ойым ұшқанда көңілдегі. Салауат боп, сал денем жеңілдеді. Қуантты да дей алман өмір мені,
Есіңе мені алғайсың Есіңе мені алғайсың
Нұр жауып тұрған көктемде, Гүл тере барсаң бөктерге, Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде,
Дәрігеріме Дәрігеріме
Керегі жоқ, Керегі жоқ, Керегі жоқ бәрінің! Иненің де керегі жоқ, Керегі жоқ дәрінің! Кетсем егер, пленканың үзілген бір әнімен, Қалсам егер, қара
Аттанғанда Аттанғанда
Қош! Деп қанат қағады құстар маған. Қош! Деп мені құшақтап, құшқан далам. Аманаттап біреуге жатыр мені: - Аманат - деп,- ұямнан ұшқан балам.
Емен мен қамыс Емен мен қамыс
Бір көлдің Емен айтты Қамысына, Сыбайлас көптен бергі танысына: «Жаратқан мені Құдай сонша артық, Мықты деп, жер жарылад дабысыма.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×