ойын сауық отауы
Жаман өлең
08.05.2016 1 770 0 Дауыл

Жаман өлең

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Бәрібір қарауылға ілінгенсің,
Білгіштің айтуынша «бүлінгенсің»
Жаман өлең жазайын Петефише
Жамандасын білгішім, күнін көрсін.
Жаман өлең жазайын мынадай деп,
Торы менен жиренді құладай деп.
Айтайыншы құланды құралай деп,
Түсінбейді теңесем Хантәңірді!
Қағып койсан Тянь - Шаньға сынадай деп,
Іздестіріп жер - көктен қарайын да,
Керемет бір теңеуді табайын да,
Білгішіме берейін не дер екен,
Ақ қағазға ақ бояу жағайын да.
Көрер ме екен қайсыбір қара шаштың
Күміс талшық тұрғанын самайында.
Түсінер ме не екенін бақ пен нала
Боя дейді жалғанды ақпен ғана.
Сезер ме екен білгішім, қайдам, қайдам,
Тұратынын алмасып ақ пен қара,.
Қызыл мен көк, күрең мен сарылардың
Білер ме екен бір жерден табыларын.
Сезер ме жыр аңынын сағынарын,
Сағынарын ақылын жаны жарым.
Ат жалынан мал тапқан бір білгіштің
Жаны жарым ақынды торығанын.
Маған жат кұр - қуаныш, арам - қайғы!
Біліп тұрмын. білгішім жамандайды.,.
Қалай шалсам екен деп ескі досым,
Күні - түні тыныштық таба алмайды....
Айта келіп адам мен заман жайлы,
- Ақын өлді, өлді,- деп хабарлайды,
(Кандидат боп сапарын тәмамдайды...)
Өз әлінше әркім де самғап қалар,
Өз әнімен әркім де сарнап бағар.
Жаман өлең көп менде, қауіптенбе,
Жаманда да, ақылды ал, ә бәтшағар...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Жамандық, жаман адам туралы мақал - мәтелдер Жамандық, жаман адам туралы мақал - мәтелдер
Арбадан үркіп жаман ат ер салдырмас жал бітсе. Қасына қоңсы қондырмас қас жаманға әл бітсе (Есет би).
Жақсы екен Жақсы екен
Құм жолы асфальт емес қой, Кездеседі дөңес, ой, Мінгеніміз сұр газик, Тоқтауды ол білместей, Заулайды көз ілеспей, Дөңгелегі құм қағып.
Ғабаңа Ғабаңа
Ғабеке, Анда - санда сізді көрем, Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем, Еліктеп өзіңізге есім кетіп, Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең.
Білгішіме Білгішіме
Тағы да, тағы, тағы да, Тағы да сына, білгішім. Кіріп ап менің жаныма, Кір іздеп тағы жүрмісің?!
Ақынды ақын оятпаса, болмайды Ақынды ақын оятпаса, болмайды
Ақынды ақын оятпаса, болмайды, Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы. Ақынды ақын сүйемесе, болмайды, Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.
Жарым Жарым
Кердең - кердең жүресің сен, не таптың? Мен айтайын - айнымайтын жар таптым. Күндіз - түні жар қойнында жатамын, Естімеймін уын - шуын жан - жақтың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×