ойын сауық отауы
Білгішіме
04.05.2016 2 818 0 Дауыл

Білгішіме

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Тағы да, тағы, тағы да,
Тағы да сына, білгішім.
Кіріп ап менің жаныма,
Кір іздеп тағы жүрмісің?!
Бір жырым - менің бір балам,
Мезгілсіз шала тумаған.
Мерзімі жеткен шағында,
Шығам деп сыртқа тулаған.
Мезгілсіз өлең тумайды,
Көңілсіз болса, кім білсін.
Сыбызғы десем қурайды,
Оны да сына, білгішім.
Домалақ жердің үстінде,
Домалап бара жатырмын.
Мұхитқа сүңгіп түстім де,
Аспанға бір - ақ атылдым.
Айға ұшып бара жатырмын,
Мұны да сына, ақылдым,
Әйтеуір мені қатырғын
Туын жық тұғыр ақынның!!!
Сахара мына жеріме,
Сағымнан көйлек кигіздім.
Сандалып жүрген бөріге,
Сары атанымды бүргіздім.
Жұлдызын мынау аспанның,
Жерде тұрып - ақ басқардым.
Мамық еттім де тастарды,
Тауымды басқа жастандым.
Жотама қала орнатып,
Бойыма сыймай жүр күшім.
... Тұғыр ақынды сорлатып,
Мұны да сына, білгішім.
Осылай өмір сүремін,
Осылай жүріп күн кешем!
Дүниенің мына жүрегін,
Ақыннан сұра, білмесең!!!
Жырым көп әлі менің жазылмаған.
Кенім көп әлі менің қазылмаған.
Қалдырып болар - болмас қазынамды,
Неліктен бір күні мен жазым болам?!
Қуалап тіршіліктің көбелегін,
Қап қойды қапелімде көп өлеңім.
Жалғызым, жаным менің - жырым менің,
Қалдырып сені артыма неге өлемін.
Жазайын, жалықпайын, жасырмайын,
Қашан қалғып кеткенше басылмайын.
Ая деп ажалға мен бас ұрмайын,
Шоқ шайнап, от бүріккен Қасымдайын

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Орашолақ Орашолақ
Мынау біздің Доңқабақ Шеберлігі ұстады. Дәу пышақпен жаңқалап, Қарындашын ұштады.
Сал - сал жырым Сал - сал жырым
Сал - сал жырым, сал жырым, Ағытыл, алтын сандығым. Сен бар жерде баймын да, Сен жоқ жерде жарлымын.
Майгүліме Майгүліме
Бірінші өлең Ол өмірге келгенде көктем еді, Жер гүлін, көк те нұрын төккен еді. Саялатып сал - самал өпкен еді, Сол өмірге несіне өкпеледі?!
Жүрек демін алғанда Жүрек демін алғанда
Сандалғаны - ай санамның сан бөлініп, Тамырымда тулайды қан желігіп. Бара жатыр көлшіктер көлге айналып, Бара жатыр төбелер тау көрініп.
Жаман өлең Жаман өлең
Бәрібір қарауылға ілінгенсің, Білгіштің айтуынша «бүлінгенсің» Жаман өлең жазайын Петефише Жамандасын білгішім, күнін көрсін.
Барлығы да менікі Барлығы да менікі
Барлығы да менікі: Мына дәуір, мына өмір, Мынау аспан, мына күн. Мына мұхит, мына жер - Мына менің тұрағым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×