Түсіме тау кіреді...
Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді,
Тау жайлап, тау қыстаған. шал жүреді.
Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен,
Астында балпаң басқан Сал - күреңі.
Сөйлесуге, менімен сырласуға,
Шақырады, кім білсін, мұңдасуға,
Енді жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір қыр басында.
Шақырады, отырып қыр басында.
Шыбындаған күреңі тұр қасында.
Тағы жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір шың басында.
Өліп - талып, оған да жетемін де,
Көз салам таудың алыс етегіне.
Шалым кетіп барады өз жәйімен,
Ер - тоқымсыз күреңі жетегінде...
Қалып қойдым, түсе алмай, шың басында,
Кеш те келді, айналды түн басуға.
Шың басынан түсе алмай әуреленем,
Бір минутым тең болып бір ғасырға...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді.
Түсінбеймін неғылған тағдыр едің?!
... Тауда жортқан тағыдай алғыр едім,
Алғырлығым қай жақта қалды менің?..
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді,
Тау жайлап, тау қыстаған. шал жүреді.
Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен,
Астында балпаң басқан Сал - күреңі.
Сөйлесуге, менімен сырласуға,
Шақырады, кім білсін, мұңдасуға,
Енді жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір қыр басында.
Шақырады, отырып қыр басында.
Шыбындаған күреңі тұр қасында.
Тағы жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір шың басында.
Өліп - талып, оған да жетемін де,
Көз салам таудың алыс етегіне.
Шалым кетіп барады өз жәйімен,
Ер - тоқымсыз күреңі жетегінде...
Қалып қойдым, түсе алмай, шың басында,
Кеш те келді, айналды түн басуға.
Шың басынан түсе алмай әуреленем,
Бір минутым тең болып бір ғасырға...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді.
Түсінбеймін неғылған тағдыр едің?!
... Тауда жортқан тағыдай алғыр едім,
Алғырлығым қай жақта қалды менің?..
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Қара қамшы. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығы.
Қара қамшы Қара қамшы енесің түсіме кей кездерде, Ұйықтасам да тып – тыныш кісінемей. Жон арқамнан осып бір оятуға, Тұрасың босағада күшің келмей.
Сен шынымен жоғалдың ба?!
Сен шынымен жоғалдың ба?! Жоғалдың. Солай шығар, Шын сүймеген боларсың. Енді сені өліге мен санаймын, Сен туралы толғануды доғардым.
Даламыз бен баламыз
Сағыныш сары перідей Сезімді жаншып, Булығам: Аранға түскен бөрідей Аспанға қарап ұлыған.
Сахараның шұбырған түйелері
Түнде менің түсіме жиі енеді Сахараның шұбырған түйелері. Түйенің өркешінде жыр боталап, Түйенің боздауынан күй өледі.
Несіне өмір сүргенсің
«Сұраушының сүйген асын кім берер» Барға - ырза, Жоққа - сабыр, күн көрер. Өкінемін, өшігемін несіне, Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.
Жиі енеді
Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл, Ойнақ салып, құлын - тай қырында жүр Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл Іркіт иісі келеді мұрынға бір