ойын сауық отауы
Жүр
08.05.2016 1 407 0 Дауыл

Жүр

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

«Жүр.
Кеттік біздің ауылға,
Келістік.
Әкел қолыңды?
Шөйіліп күнәң жауында,
Найзағай оссын жонынды.
Астыңа дүлдүл ат беріп,
Қиямен тауға айдайын.
Қияннан, қане, ат келіп,
Алдыңа киік байлайын.
Биікті нағыз көргенде,
Жүрегің лоблып айналсын.
Биіктен қарап дөңдерге,
Даңғаза басың ойлансын.
Көп айтушы едің тұнықты,
Тұнықты нағыз көр енді.
Алдында бұлақ тұрыпты,
Батыра көрме денеңді.
Тұныққа төніп қара да,
Тұнық боп көрін халыққа.
Ақ па екен дүзің, қара ма,
Өзіңді - өзің анықта.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Ұям менің Ұям менің
Біздің үй болатұғын осы арада, Жататын бұлақ ағып босағада. Орны да өшейін деп қалыпты ғой, Өтіпті көп уақыт... Тоса ма алда.
Қасыңда жүрсем Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем, Қадірім саған жоқ екен. Қасыңнан кетсем, Адамның нағыз қоры екем.
Қап - қара, ғажап, сиқырлы Қап - қара, ғажап, сиқырлы
Қап - қара, ғажап, сиқырлы Қашпаңдар қара бояудан! Қандырып уыз - ұйқымды, Қап - қара түннен оянғам.
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Пай, пай! Пай, пай!
Пай, пай! Пай! Сағындым - ау, сағындым - ау! Талықсып, тар төсекке таңылдым - ау! Қапыда қалтылдаған жаным мынау, Жаратқан, нағылдым - ау, нағылдым -
Керек осы адамға Керек осы адамға
Бүгін бе, болашақ па?! Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?! Қиын - ау, өзің жатып жерошақта, Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×