ойын сауық отауы
Қап - қара, ғажап, сиқырлы
14.05.2016 4 275 0 Дауыл

Қап - қара, ғажап, сиқырлы

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қап - қара, ғажап, сиқырлы
Қашпаңдар қара бояудан!
Қандырып уыз - ұйқымды,
Қап - қара түннен оянғам.
Қап - қара түнді көрдім де,
Жап - жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін.
Жарыңның шашы қап - қара,
Көзі де қара, шамасы.
Сондықтан жүзі аққала
Сондықтан әсем, қарашы.
Ақ пенен қара алмасып,
Алмасып тұрса әрдайым.
Ақ түске ғана жармасып,
Қараны неге алмайын.
Қап - қара көзді бір қыз бар,
Қашпандар қара бояудан!
Аспанда жарық жұлдыздар
Қап - қара түнде оянған.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Тура қара көзіме, тура қара Тура қара көзіме, тура қара
Тура қара көзіме, тура қара, Ашық айтқан сөзімді бұрмалама. Ақиқаттың алдында бүгежектеп, Тағасыз байталдайын сырғанама.
Қара өлең Қара өлең
Қалқам, Мен Лермонтов, Пушкин де емес, Есенинмін демедім ешкімге мен, Қазақтың қара өлеңі - құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Қара қамба Қара қамба
Әлі менің есімде қара қамба, Қарның тойып қалатын қарағанда. Жеткізе алмай тұрса да әр адамға, Әбіужауһан болатын балаларға.
Қара шалғы Қара шалғы
Жетелеп сонау жылдар қара шалды, Қарасазда жүруші ең, қара шалғы. Қара шалғы ішінде қарт пен сенің, Талай - талай көріп ем тамашаңды.
Несіне асығады?! Несіне асығады?!
Күн қайда асығады?! Нендей күш күннің нұрын жасырады?! Қызарып соңғы сәуле шашырады. Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Тұтқын (М. Д.- ға хат) Тұтқын (М. Д.- ға хат)
Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас, Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас. Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы, Наны қара, шайы қара, қарны аш.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×