ойын сауық отауы
Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен
09.05.2016 2 328 0 Дауыл

Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен,
Кейбіреуге қарыздар емеспін мен.
Пейілімді теңізбен таластырып,
Тереземді аспанмен теңестірем.
Досқа сыйын, заһарын шашар жауға,
Қарыздармын халқыма қашаннан да.
Қабырғасы қайысып қарт әжемнің,
Қалай тұрам, көзіне жас алғанда.
Қайғы түссе басына бір ағаның,
Қалай ғана шыдап мен тұра аламын.
Жасын сүртіп солардың, бірге жылап,
Бірге күліп солармен, жұбанамын.
Ести тұра шырылын жас баланың,
Қалай ғана алшаңдап, мастанамын.
... Тік көтеріп сәбиді уатпасам,
Сәби - халқым, саған мен масқарамын.
Сәби - халқым, сарыла сыр ақтарам,
Жалған ой, жасырын күй жырақ маған.
Сенің үнің мендегі, сенің жырың,
Сенің ойың санамда тұрақтаған.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Халқым барда Халқым барда
Шыныменен дос жоқ - ау дос жоқ менде. Сонда қалай, өмірім босқа өткен бе?! Осылай бір байламға келдім бүгін, Қарадым да сүйіскен қос кептерге.
Тоқта, ботам Тоқта, ботам
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға. Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын Айырбастап ала алмай жүр алтынға.
Сәби өсіп келеді Сәби өсіп келеді
Түнге карай, Түйсік салып, Таң атқанша не болады?! (Оны қайдан білейін) Бүкіл адам баласына тек жақсылық тілейін, Ортасында солардың мен, Ойнап -
Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Қалай - қалай соғады, қан - жүрегім?! Соғасың, әлі өмірің бар білемін. Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой. Бұл тірлікте құм арым қанды менің.
Жүрек арызы Жүрек арызы
"Бас, ием менің. Өзіңнен бұрын жаралғам. Алдымен - менмін, Сонан сон, - сенсің жаралған. Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың,
Байқа, қалқам! Байқа, қалқам!
Байқа, қалқам! Қалай?!! Қалай?! Қалқам, маған не дедің?! Meн өзімді зерттей алмай келемін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×