ойын сауық отауы
Кетер ме екем
09.05.2016 2 961 0 Дауыл

Кетер ме екем

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Бірде олай ауытқып, бірде былай,
Бір байламға келе алмай жүргенім - ай.
Таулы аймақтың ауасы секілденген,
Аумалы да төкпелі күндерім - ай!
Өз - өзінен өзегім өртенгенде,
Өз - өзімнен түңіліп, жеркенгенде,
Сары ауру сарғайтңан науқастайын,
Үміт күтем бүгіннен, ертеңнен де.
Нені күтем?
He керек осы маған?
Аяқ - қолым, жанарым, басым аман.
Шаруаның баласы емес пе едім,
Күшіменен тамағын асыраған?!
Өмір деген осынау майданда бұл,
Қолбасы да, қорқақ та сайранда жүр.
Өмір менен өлімнің ортасында,
Кетер ме екем, келе алмай байламға бір!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өмір жайлы Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Қасыңда жүрсем Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем, Қадірім саған жоқ екен. Қасыңнан кетсем, Адамның нағыз қоры екем.
Халқым барда Халқым барда
Шыныменен дос жоқ - ау дос жоқ менде. Сонда қалай, өмірім босқа өткен бе?! Осылай бір байламға келдім бүгін, Қарадым да сүйіскен қос кептерге.
Менің ғасырым Менің ғасырым
Кірпікке кір жуытпай, құндақтаған. Мына өмір, мына дәуір қымбат маған. Бұл ғасыр, сірә, менің жүрегім - ау, Тынысын қыбыр етпей тыңдап бағам.
Байқа, қалқам! Байқа, қалқам!
Байқа, қалқам! Қалай?!! Қалай?! Қалқам, маған не дедің?! Meн өзімді зерттей алмай келемін.
Ағажан Ағажан
Әбілмәжін Жумабаевқа Жүр едім айыға алмай көптен бері, Қандай күш айықтырып кеткен мені?! Жаураған жауқазын ем бөктердегі, Жып - жылы қайдан соқты
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×