ойын сауық отауы
Лайсаңда
09.05.2016 1 613 0 Дауыл

Лайсаңда

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Көше лайсаң, күн тұман.
Ағаштар тұр арса - арса.
Мен біреуге ұмтылам,
Біреу мені қарсы алса.
Кең көшенің шетінде,
Жолы міне, жаяудың.
Сол біреуге жетуге,
Енді ғана таяндым.
Терезеде көк перде,
Терезеде көк жарық.
Неде болса өткенге,
Тағы да бір көр барып.
Қоңырауды басқанда,
Біреу ашты есігін.
Пәледен де бас сауға,
Сұрап тұрмын кешірім.
Өмірімде көрмеген,
Есік ашты бір кұрбы.
Қойсаңшы бұл өлмеген,
Ескі әдеті құрғырды.
Жастық өтпей тұрмайды,
Қашан оның анты оңған?!
Орамалын бұлғайды,
Ескі таныс балконнан...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өмір жайлы Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Қазынам бар Қазынам бар
Қазынам бар. Біреуге берсем бе екен?! Өкпелейді - ау бермесем, Берсем, бөтен.
Көктем де келер Көктем де келер
Көп кешікпей көктем де келер енді, Көгеретін тіршілік көгереді. Қу бұтағы арса - арса кәрі еменге, Келер көктем, білмеймін, не береді?
Жастық Жастық
Ойлайыншы, не берді жастық маған? Үйрет деп асау берді бастықпаған. Жастық маған от берді жалындат деп, Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп.
Ескі әнді, шеше, қозғама! Ескі әнді, шеше, қозғама!
Босқанда - ел - жұрт боздаған! Ескі әнді, шеше, қозғама! Елестеп маған өтеді: Кұлазып жатқан боз дала,
Аттанғанда Аттанғанда
Қош! Деп қанат қағады құстар маған. Қош! Деп мені құшақтап, құшқан далам. Аманаттап біреуге жатыр мені: - Аманат - деп,- ұямнан ұшқан балам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×