Мен - Октябрь
Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев
Мен - Октябрь
Тоқтатып болмас, толқыннан туған алыппын,
Жасқанбай болмас, жаралған Күннен жарықпын.
Айырып болмас, достықтан туған халықтың
Еңсесі биік, ерлікпен келген шабытпын.
Шаттанып кетсем,
Шашырап менен нұр тамған
Ал ашу буса, жасыннан бетер бұрқанғам
Күрсіне қалсам, күтірлеп сынып көк аспан
Қуанып кетсем, қуаныш гимні шырқаған
Жер деген мына - қасиетті зор мінбеден
Мен - Октябрь, достыққа дәйім үндеген.
Мен - Октябрь, жиһанға кеткен таралып
Жасаушым менің, ленин жатқан іргеден.
Мен - Октябрь,
Күресте күшін шындаған,
Тізесін бүгіп,
Құлдыққа басын ұрмаған.
Миллиондардың қаны мен терін ұрлаған
Капиталистерді
Көріне тықпай тынбаған.
Мен - Октябрь,
Дүние солай ат берген
Қуансын досым,
Күйінсін жауым жат көрген
Мен - Октябрь,
Дүниені мынау жалғаймын
Қайсы біреулер қақ ортасынан қақ бөлген
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Мен - Октябрь
Тоқтатып болмас, толқыннан туған алыппын,
Жасқанбай болмас, жаралған Күннен жарықпын.
Айырып болмас, достықтан туған халықтың
Еңсесі биік, ерлікпен келген шабытпын.
Шаттанып кетсем,
Шашырап менен нұр тамған
Ал ашу буса, жасыннан бетер бұрқанғам
Күрсіне қалсам, күтірлеп сынып көк аспан
Қуанып кетсем, қуаныш гимні шырқаған
Жер деген мына - қасиетті зор мінбеден
Мен - Октябрь, достыққа дәйім үндеген.
Мен - Октябрь, жиһанға кеткен таралып
Жасаушым менің, ленин жатқан іргеден.
Мен - Октябрь,
Күресте күшін шындаған,
Тізесін бүгіп,
Құлдыққа басын ұрмаған.
Миллиондардың қаны мен терін ұрлаған
Капиталистерді
Көріне тықпай тынбаған.
Мен - Октябрь,
Дүние солай ат берген
Қуансын досым,
Күйінсін жауым жат көрген
Мен - Октябрь,
Дүниені мынау жалғаймын
Қайсы біреулер қақ ортасынан қақ бөлген
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Сәкен Сейфуллин - Ақша қар
Ақша қар үлпілдеген қалқып ұштың, Жер үшін шатты жайдан – көктен түстің. Қайғысыз мәңгі сәби періштелер, Мәңгілік жайын тастап жерді құштың.
Мен таулықпын!
Tay дейтін алып жүрек Ана туған Мен таулықпын! Таудан мен жаратылғам. Киіктің сүтін емін ержеткенмін Қуат алып қыранның қанатынан
Дәрігеріме
Керегі жоқ, Керегі жоқ, Керегі жоқ бәрінің! Иненің де керегі жоқ, Керегі жоқ дәрінің! Кетсем егер, пленканың үзілген бір әнімен, Қалсам егер, қара
Баспа, мұнар!
Арылмасын аппақ нұр бастарынан, Шашпа ызғар, Күнімді баспа, мұнар! Кетпе, шуақ, Мына елдің аспанынан.
Апырмай, туған жер - ай
Апырмай, Туған жер - ай! Теңдесер кім, Бұл жерге сен болмасан, келмес едім. Кіндігімді байлаған қазығым - ай, Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Айтатын саған сырым бұл
Айтатын саған сырым бұл, Ертеңім менің бұлыңғыр. Әлсіреп, дымым құрып жүр. Адасып менен кеткен бе?