ойын сауық отауы
Самал есті
11.05.2016 2 305 0 Дауыл

Самал есті

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Самал есті, даладан, сай жақтан ба?!
Аппақ іңір тауларды ойлантқан ба?
Аспанға сүт әлдекім қайнатқан ба?!
Кілегей тұр меймілдеп қаймақтанған.
Жайлау еді,
Жайлы бір іңір еді,
Жұлдыз тамып кетердей, кідіреді.
Өзеніне асыққан өрім - бұлақ,
Төмен қарай төскейден жүгіреді.
... Қай тұста еді, құдай - ау, қай маңда еді?!
Маған кұшақ сол жанның жайған жері?
Алғаш біздер ақ гүлін таптап кеткен,
Қай маңда еді, жастықтың сайран - белі?!
Таулар да тұр, баяғы бұлақ та бар,
Өзің жоқсың, бірақ та сыр ақтарар.
Іздемей - ақ қояйын сол орынды,
Аттанам ғой ақыры, жылап қалар...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өзеніне асыққан бұлақтайын Өзеніне асыққан бұлақтайын
Өзеніне асыққан бұлақтайын, Енесіне жүгірген лақтайын, Жайқалайын жаныңда құрақтайын, Енді мен де саған кеп тұрақтайын.
Қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз!
Ақын жайлы айтады қызықты аңыз, Бірақ сен қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз! Рас - ақ, біздер - патша!
Таудағы көктем Таудағы көктем
Сай - саланы, Аймалады, Жоталардан жел есті. Көк қарағай. Көп баладай, Күбір - күбір кеңесті.
Ескі жұртта Ескі жұртта
Айтсаңшы, көке - ау, қай маңда, Орны менің үйімнің? Қанып ең талай айранға, Қолынан әжем Тиынның.
Бозқараған Бозқараған
Бозқараған... Көрдің бе бозқараған? Сирень иісі аңқиды боз даладан. Бозқараған - тікенек, тікенге өскен Сирень гүлін ешкім де қозғамаған.
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды. Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір, Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×