ойын сауық отауы
Өзеніне асыққан бұлақтайын
15.05.2016 1 553 0 Дауыл

Өзеніне асыққан бұлақтайын

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Өзеніне асыққан бұлақтайын,
Енесіне жүгірген лақтайын,
Жайқалайын жаныңда құрақтайын,
Енді мен де саған кеп тұрақтайын.
Асқар тауға соғылған дауылдайын,
Ақтарылған аспаннан жауындайын,
Дамылдайын, саған кеп дамылдайын,
Ауа бермей аулаққа сағымдайын.
Өзімменен сапарға бір аттанған,
Құрбылардың бәрі де тұрақтанған.
Ақ үмітті үздейін бір кездегі,
Ұмыт болып жұртымда жылап қалған.
Өз орнында, өзгермей тұр ақ қайың,
Тұрақтайын, мен де енді тұрақтайын.
Ар үміті - жоғалған ақ үмітім,
Табайын да, сені енді жылатпайын...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өмір сүрейік алмасып Өмір сүрейік алмасып
Жапырақ - жүрек жас қайың! Жанымды айырбастайын. Сен адам бола бастасаң Мен қайың, бола бастайын.
Қыс келген күні Қыс келген күні
Тысқа шықсам, Күн шыңылтыр, ңар жауған. Ызғар, аяз атырылып бар маңнан, Асып анау асқар - асқар таулардай,
Самал есті Самал есті
Самал есті, даладан, сай жақтан ба?! Аппақ іңір тауларды ойлантқан ба? Аспанға сүт әлдекім қайнатқан ба?! Кілегей тұр меймілдеп қаймақтанған.
Жүрек арызы Жүрек арызы
"Бас, ием менің. Өзіңнен бұрын жаралғам. Алдымен - менмін, Сонан сон, - сенсің жаралған. Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың,
Анау - аспан, мынау - бақ Анау - аспан, мынау - бақ
Анау - аспан, мынау - бақ, Аспанда бұлт, бақ жадау. Мамық ұшты, қылаулап, Қыс та келіп қалған - ау.
He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан
He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан, Су тартылған теңізден, жылғалардан, Нелер ұрпақ аттанған қуған арман, He бар дейсің, өмірге тұлға болған
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×