ойын сауық отауы
Сағыныштан сарғайып сары қайың
11.05.2016 2 184 0 Дауыл

Сағыныштан сарғайып сары қайың

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сағыныштан сарғайып сары қайың,
Жапырақтар шертеді сары уайым.
Кернейлетіп, сыңсытып жет, тырналар,
Ұзатқалы барады сәуір айын.
Енесінен құлындар жеріген бе?!
Арылыпты бал - сусын желіден де.
Қиқулаған тырнаның қанатында.
Жаз ілесіп барады керуенге.
Жұқа шапан жамылған боз даланы,
Әлдилейді тырнаның созған әні.
Қалбалақтап қаңбақтар қарбаласта,
Бағытына басы ауған қозғалады.
Балауса жоқ, балғын жоқ тербетуге,
Тербеледі қияқтар желмен түнде.
Қызылкүрең қоржынын толтырып ап,
Хабаршы күз жортып жүр жер бетінде,
Раушан гүліне сен серік едің,
Раушан арасынан көріп едім.
О, менің аққанат құс - махаббатым,
Қайдасың, қайтсем саған көрінемін?..
Дүние тыныш еді «құлаққа ұрған»,
Талықсып тал бойында шуақ тұнған.
Табиғат сонда саған, раушанға,
Барынша бар жасауын лақтырған.
Есіңде ме?
Сонда сен байқадың ба?
Дір еттім, жанарыңнан тайқадым да.
Сол күні раушанның өзін емес,
Иісін сыйлағансың қайтарымда.
Гүлді қойшы, гүл ата ырымы ма,
Мәңгі шатпын сол күнгі қылығыңа.
Гүл иісі тұр екен жүрекке ұрып,
Танауымды тақасам бұрымыңа.
Гүлді қойшы, семеді гүл дегенің,
(Гүл сыйлап, гүл алуды білмегенім...)
Қайдасың?..
Мен түсімде екеу болып,
Ертеңгісін жалғыз боп түрегелемін.
О, менің аққанат құс - махаббатым,
Қайдасың жанға шипа шапағатым?
Сен қайда, күндер қайда, түндер қайда,
Махаббат... махаббат деп аталатын?..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар: Мырза
Күзгі көңіл Күзгі көңіл
Терек, қайың; гүл мен тікен; жас, кәрі - қалтылдайды сап - сары шөп бастары. Көңіл желін бұлтпен басып тастады, күзгі өңірдің шаттығы да сап - сары.
Гүлдер семіп барады Гүлдер семіп барады
Жер ылғалын, күн нұрын көріп толып, Бал араға бар нәрін беріп болып, Күннен күнге дерт жеңген нәрестедей Гүл сарғайып барады семіп, солып.
Сен бе едің? Сен бе едің?
Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем дедім. Біреу маған алыстан қолын созған, Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Сап - сары жапырақтар Сап - сары жапырақтар
Сап - сары жапырақтар... Сал - сары жапырақтар... Саудырап құлап жатыр атырапқа. Біреудің жанарында, Біреудің табанында, Сап - сары жапырақтар
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем, Барғанда маған ылғи гүл беруші ең. Жалт етіп жай отындай көкжиектен Әттең - ай, маған енді бір көрінсең!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×