ойын сауық отауы
Сынауға тіптен құмар кім көрінген
11.05.2016 1 835 0 Дауыл

Сынауға тіптен құмар кім көрінген

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сынауға тіптен құмар кім көрінген,
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен.
Сырласып отырамын ондайда мен,
Мазасыз күндеріммен, түндеріммен.
Айтса айтсын айыбымды бетке қарып,
Қайтемін қаламымды кекке малып.
Арам шөптің орнына гүлді қырқып,
Әйтеуір жүргенім жоқ кетпен алып.
Басымнаң кемшіліктер өткені анық,
Несіне өкпелеймін көпке налып.
Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе, халық.
Шарам толы шаттығым, мұңымды айтпай,
Шау тартатын жәйім жоқ шетте қалып.
Өтсе,
Өтсін!
Басыма бақ бұйырмай.
Тіл кесілмей, тұрса екен жақ қиылмай.
Енді менің күнелтер жағдайым жоқ,
Шығыршықта айналған ақ тиындай.
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен,
Сынауға тіптен құмар кім көрінген.
Бірақ та,
Білесің бе, ей, кім көрінген,
Айтсын деп ақиқатты тіл берілген!!!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Солай Солай
Бұдан бөлек қай жерден ем таба алам Тіптен менің кеткім жоқ емханадан Көре - көре жалыққам мен қаладан, Жүре - жүре шаршағам кең даладан
Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным
Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным, Кешкілік бақты ұзақ араладым, Өбісіп те, өлісіп екеу отыр Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым.
Жоқ, дәрігер Жоқ, дәрігер
Жүрегіме жүк артып жүргенімде, Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе? Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген, Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Жазылар естеліктер мен туралы Жазылар естеліктер мен туралы
Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы.
Басыма менің, бақ, қондың Басыма менің, бақ, қондың
Орынсыз ойнап, күлгенде, Опық жеп талай жүргенде, Басыма менің, Бақ, қондың, Байқаусыз шақта, бірдемде
Аттандырып тым тәтті сәттерімді Аттандырып тым тәтті сәттерімді
Аттандырып тым тәтті сәттерімді, Мен аяқтап келемін дәптерімді. Сәттерімді айттым ба, әттеңімді, Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×