ойын сауық отауы
Аттандырып тым тәтті сәттерімді
23.01.2017 2 462 0 Дауыл

Аттандырып тым тәтті сәттерімді

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.
Анда - санда аударып парақтарын,
Күн батқанын білмедім, таң атқанын.
Бетіне ақ дастарқан тамып кетті,
Тулаған бойымдағы шарап - қаным!
Жырым, сырым - екеуі егіздерім,
Екеуін екі бөлек емізбедім.
Жатсам - тұрсам мұң шағып дәптеріме,
Жабырқаған жаныма ем іздедім.
Таптым ба оны, білмеймін, таппадым ба,
Халім келмей қажыған шақтарымда!
Жан-жырым жанға шипа болғаны рас,
Әлсіреп, сөніп бара жатқанымда...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Сал - сал жырым Сал - сал жырым
Сал - сал жырым, сал жырым, Ағытыл, алтын сандығым. Сен бар жерде баймын да, Сен жоқ жерде жарлымын.
Поэзия Поэзия
Поэзия! менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Жырлар жазам Жырлар жазам
Жырлар жазам, Алайда ол кімге керек?! Жанға шипа іздеймін, тілге дерек. Мәжнүн болып барамын күннен - күнге, Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Білгішіме Білгішіме
Тағы да, тағы, тағы да, Тағы да сына, білгішім. Кіріп ап менің жаныма, Кір іздеп тағы жүрмісің?!
Аулыңа бір келгенде... Аулыңа бір келгенде...
Ойьң, қырың, Отаның түрленгенде, Жан - жағына жақұттай гүл көмгенде, Жар салмайсың, неге сен қарсы алмайсың?! Анда - санда аулыңа бір келгенде.
Айтатын саған сырым бұл Айтатын саған сырым бұл
Айтатын саған сырым бұл, Ертеңім менің бұлыңғыр. Әлсіреп, дымым құрып жүр. Адасып менен кеткен бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×