ойын сауық отауы
Сырқат сыры
11.05.2016 1 676 0 Дауыл

Сырқат сыры

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Тағы, міне, таң да атты.
- Сырқатыңыз салмақты...
Ішкен шарап, жеген ет,
Баурыңызды жалмапты.
... Жанарымды жұмып ем, иір - қиыр жол жатты,
Иір - қиыр жол жатты, тұман басты жан - жақты.
Есіме алдым Қосжанды, есіме алдым Қалжанды,
Маған ұқсап олар да естерінен танған - ды.
... Ауырғаны белгісіз, неткен сырқат алдампаз,
Ауырмай - ақ, көз ілмей өткіземін таңдарды.
Рас па деп ойлаймын жалған десе, жалғанды.
Ойран - асыр күн кешіп ортасында дүрмектің
Қираған үй сияқты, қираппын ғой, білмеппін.
Жанашырдың айтқанын құлағыма ілмеппін.
Өзімді - өзім қиратып, өзімді - өзім жүндеппін.
Ыңқылдаған сырқаттар...
Ұзақ түн мен ұзақ таң.
Далада қыс, қаланың жотасына мұз артқан.
Біліп болмас бір сұмдық жанға батқан сызаттан,
Қапастағы қыздаймын еріксізден ұзатқан.
Ауырады бір жерім, жүрегім бе, жаным ба?!
Асау толқын ойнайды аласұрып қанымда.
Өткен өмір ұқсайды ұзап кеткен сағымға,
Ұмтыламын, бірақта, ұстай алмай - ақ қойдым,
Әйтеуір бір ұры жүр менің сайран бағымда.
Жамбасыма, қолыма қадалғанда инелер,
Сәл сескеніп, артынан жан рахат күйге енер.
Жүрегімде жыр ұйып, құлағыма күй келер.
Бірер сағат өтіп - ақ сол рахат жоғалып,
Тірі жатқан миыма мық caпалап үймелер.
Жоғал, сары уайым!
Meн тірімін, тірімін!
Төсенгенім тірі жер, жамылғаным тірі Күн.
Көп күндері қуаныш, көп күндердің бірі мұң,
Екі аяғын тең басқан азаматтың бірімін!
Ақау түскен мотордай енді осыдан жөнделсем,
Құрып қалғыр сырқаттан құлантаза емделсем,
Тарт, қара жер, жанымды, ғайбат айтып егерде,
Исі қазақ баласын бір - бірінен кем көрсем.
Қадалуда саныма сансыз ғажап әлі ине...
Жан жұбатар дос та жоқ, жауым да жоқ, әрине.
Айналайын дәрігер, аман - есен айықсам,
Бүкіл елімді аралап, сәлем берем әр үйге.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өлең жазбасам Өлең жазбасам
Өлең жазбасам, бірдеңем жоғалғандай, Мазам кетіп жүремін оңала алмай. Әлсіздік пен мәнсіздік, мазасыздық, Соңымнан бір ереді олар қалмай.
Күйзелу Күйзелу
Көңіл - күйде тыншу жоқ: әлденені аңсай ма, жабыға ма, өрт кешкендей тынысым тарыла ма, әлде дауыл тілеген теңіз сынды бір бұрқаныс сәттерді сағына
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн, Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың, Ой - хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым, Өмірімнің
Дұшпаның бар ма? Дұшпаның бар ма?
- Дұшпаның бар ма? - дейсің, Қайдан білем... Әйтеуір, жүрген жерім - сайран кілең. Қазақтың қайсы үйіне барсам - дағы, Алдымда - ақ дастарқан, жайған
Байқа, қалқам! Байқа, қалқам!
Байқа, қалқам! Қалай?!! Қалай?! Қалқам, маған не дедің?! Meн өзімді зерттей алмай келемін.
He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен
He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен, He пайда дәтке қуат бекінгеннен, Алайда, емханада көз жұмғаннан, Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×