ойын сауық отауы
Сүрініп кетпе
12.05.2016 2 856 0 Дауыл

Сүрініп кетпе

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сүрініп кетпе!
Сүрініп кетсең, болғаны,
Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады.
Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы -
Аңдамай басып, сүрініп кетсе болғаны.
Аңдамай кейде, басымыз - дағы кердендеп,
Құлап жатамыз,
Аяқ - қолымыз ербеңдеп.
Сүрініп алып, есіміз қайта келгенде,
Жоғалған сәтті іздейміз тағы жерден кеп.
Таппайсың оны, тартасың азап сан жылдар.
Аттай алмайсың, құлауың мүмкін, алдың - жар.
He істесем екен, нe істесем екен сендерге
Сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырлар!
Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені...
Көрмейсің ғой кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсаң болған пендені,
Түсінсеңші!
Ақыл - ойым кем бе еді?!
Hегe бұлай?
Heгe жүрмін көңілсіз?
Жаным менің жылап жатыр, тек үнсіз.
Қалам ба деп қайғырмаймын көмусіз,
Кетем бе деп қапаланам өмірсіз.
Жасырамын назым менен өкпемді,
Бүгінімді, болашақты, өткенді.
Неғыламын шуағы жоқ көктемді?
Құрағы жоқ неғыламын көк белді!
Тұрағы жоқ неғыламын арманды,
Арман қуған ақ көңілім алданды.
Ояу жүріп өткізсем де тандарды,
Артымда тек шұбатылған шаң қалды...
Білмейсін, ғой, сезбейсің ғой мені сен.
Ойдағымды енді кіммен бөлісем?
Жарқырап шығып,
Қалтырап барып батар күн.
Қысқарып қалар тәулігі ұзақ сапардың.
Күн батқан жерге,
Қосымды мен де апардым,
Күнменен бірге дамылдап мен де жатармын.
Өмірім менің!
Күнменен бірге жылжыған,
Өте бер жәйлап,
Несіне саған қынжылам.
Ашылып күнмен,
Күнменен бірге тұнжырап,
Күнменен күліп,
Жыласа, бірге тұр жылап.
Күн шыққан жерде, күн батқан жерде түрағым!
Кірлесе көңіл, нұрына соның жуамын.
Ақтарыл, менің шуағым!
Сөнбесең екен, сөнбесең екен, шырағым!!!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Елемедің... Елемедің...
Ары өттім қасыңнан, ЕЛЕМЕДІҢ! Бері өттім қасыңнан, ЕЛЕМЕДІҢ! Сен дегенде бұлқынған асау аттай, Көңілімді сезбейсің неге менің?!
Жетпіс пен жеті Жетпіс пен жеті
Жеті жасар баласын Жетпісте шал жетектеп, Келе жатыр көшеде, «Қайда әлгі мектеп» деп Жетпіс келед сүрініп, Жеті келед жүгіріп.
Нар тәуекел. Қасым Аманжолов өлеңі Нар тәуекел. Қасым Аманжолов өлеңі
Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға, Қайрат шіркін алып шықса қиын ба! Бұл сапарда сүрініп те қалармын, Сонда, досым, мені айыпқа бұйырма!
Әжеме сағыныш Әжеме сағыныш
Бір жыл болды өзіңді көрмегелі, Мейірімің мен шуағыңды сезбегелі. Сағыныштан сарғайып қалам алдым, Шабытымның суына шөлдегелі.
Сен мені түсінсеңші Сен мені түсінсеңші
Түсінер деп жыр - маржан төгіледі (төгілсе жыр, сол ғана көңіл емі). Қошқар мүйіз әжемнің теруіндей сөз тізбегі кеудемде өріледі.
Дос болам десең Дос болам десең
Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын. Дос болам десең, Мендегі доспен достасқын, Сендегі доспен дос болып
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×