ойын сауық отауы
Толғау
13.05.2016 2 167 0 Дауыл

Толғау

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Таң атты.
Келіп қалды ғажайып жыл,
Кел, ақын, керемет бір жазайық жыр.
Томырық лирика, тоқтай тұршы,
Толқынды толғау неге азайып жүр?
Кел, ақын, керемет бір жазайық жыр.
Осалдан емес еді шарық - шамаң,
Дайда үнің қыран болып қалықтаған?
Кідіріп, кібіртіктеп баса алмайсың,
Шопанның шауқарындай арықтаған,
Қайда үнің қыран болып қалықтаған?!
Шықшы бір Ілиястай саңлақтанып,
Отыршы өз орныңа таңдап барып.
Бұйығы үн, бұлақ - сезім аулақ қалып,
Төңкеріл толқын болып, аунап барып.
Шықшы бір Ілиястай саңлақтанып.
Шабыттансаң шарқ ұрып кетерің шын,
Жырыңнан жалын лаулап, от өрілсін.
Тізгінін тежемеген Ілияс - жыр,
Мінбеге Тайыр болып көтерілсін.
Үнінен жалын лаулап, от өрілгін.
Кел, ақын ойлан, ақын; толған, ақын.
Шын ақын шын қырандай қомданатын.
Кезің келді Сәкен боп ұран тастап,
Қасымдай жүрегімен толғанатын,
Қаламын қаруындай қолға алатын.
Олар жоқ, бәрі бір - бір дастан еді,
Қондырған алақанға асқар елі.
Болса егер Сәкен, Ілияс, Қасым, Тайыр,
Жұртын бір желпіндіріп тастар еді,
Осынау жыр бәйгесін бастар еді.
Оқушым, мынау неге бөсті деме,
Жыр қалып, әңгімеге көшті деме.
Есімі есіл біздің ақындардың
Елі ескірмей, сірә да, ескіре ме?
Оқушым, неге орынсыз бөсті деме!
Олар да осынау жылды армандаған,
Оттың басын күйіттеп, алданбаған.
Кезінде оқ боп, от боп жанған қалам,
Толқынды толғау жырдан арланбаған.
Қолыма беріңдерші, ағайындар,
Қайда жүр аруақтардан қалған қалам?!
Кернеуіндей көмейлері күмбірлеген,
Тулаған тұлпарларды кім білмеген.
Жазайын жырларыңның жалғасын мен,
Жазуға жарқындарым үлгірмеген...
Жыл келді ғажайып бір ақ таңымен,
Бақ таңымен, ақ ұлпа ақ қарымен.
Көркем екен, мынау жыл көрікті екен,
Парағын жылнаманың ақтарып ем.
Дүние, тойлайды екен шаттанып ел.
Ал, ақын, ақтара гөр халқыңа сыр,
Бөле жырға, еліңнің даңқын асыр.
Бір отауы - Отанның Қазақстан,
Іргесін көтергелі жарты ғасыр,
Сен соны мадақтай біл, даңқын асыр.
Жеткіз жұртқа бүгінін, өткендерін,
Қысын, күзін, жазы мен көктемдеріп.
Жадында тұтсын ұрпақ, жасырмай айт:
Ақтабан шұбырынды өткелдерін,
Аруды арам жандар өпкендерін,
Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай,
«Елім - ай»
Аруана шөккен жерін.
Өлшесін бүгінімен өткендерін!
Көре алмай Жерұйықтың көк белдерін,
Көрсет Асан запыран төккен жерін.
Түсінсін де тұшынсын бақытты үрпақ,
Бабалары не жаңа шеккендерін!
Октябрьді айт бұрқанған, дауылдаған,
Қазақ жері құшақтап, қабылдаған.
Октябрьді - бүгінгі бақытыңды айт,
Меке барса бабалар табылмаған.
Қара бұлты басынан арылмаған,
Қалай менің өзгерді тауым, далам.
Октябрьді айт. Октябрь - бауыр маған.
Келді биыл елуге елім менің
Ауыр бұлтым арылды, жеңілдедім.
Октябрьді айт!
Кешегі қазақ елі

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Ішкі ой Ішкі ой
Қолын алдым ақын аға Әбілда, Елу жасқа келген кезде алдыңда. Бір топ ақын дүркіретті өлеңдер, Қала алмады бала көңіл жадымда.
Ақсуат Ақсуат
Көріп жүрген далаңыз — Ақсуаттың даласы, Көріп жүрген ауаңыз — Ақсуаттың ауасы. Көріп жүрген таңыңыз — Ақсуаттың таңы да, Көріп жүрген шаңыңыз —
Әбділдаға Әбділдаға
Тұрғанда ұйқы - тұйқы ақ самайым, Мен қалай, Әбе, сені жат санайын. Абыржып асаңды ұстап отырғаның, Ашулы Грозный патшадайын.
Қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз!
Ақын жайлы айтады қызықты аңыз, Бірақ сен қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз! Рас - ақ, біздер - патша!
Чили - шуағым менің Чили - шуағым менің
Пабло Нерудаға ескерткіш. 1 Барлық ақын - баласы бір ананың. Ақын келсе өмірге, қуанамын, Ақын өтсе өмірден - жылағаным. Барлық ақын - баласы бір
Ақынды ақын оятпаса, болмайды Ақынды ақын оятпаса, болмайды
Ақынды ақын оятпаса, болмайды, Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы. Ақынды ақын сүйемесе, болмайды, Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×