ойын сауық отауы
Тұрсын солай, болсын солай бәрі де
13.05.2016 1 659 0 Дауыл

Тұрсын солай, болсын солай бәрі де

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Тұрсын солай, болсын солай бәрі де,
Білем, менің қосылмайсың әніме.
Сенің көңлің қайда екені белгісіз,
Менің көңлім сенікінен әріде.
Сенің көңлің қайда екенін біле алмай,
Мекен тауып, шыққан болар құмардан.
Бар поезды жетелеген рельстей,
Барлық жанды жетелемес бір арман.
Болсын солай, тұрсын солай, солай ғой...
Әрбір адам бір - бір жыныс тоғай ғой.
Ну орманнан шыққаннан да жол тауып,
Еркін келіп, еніп кету - оңай ғой.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қыз сыры Қыз сыры
Көк белдерге шық тұнғанда, Шықтым бір күн далаға. Күнмен бірге шықтың алдан, Шықтың алдан, жан - аға.
Қасым солай болмаса... Қасым солай болмаса...
Дейсіңдер - ау! Қасымның несі басым?! Қасым солай болмаса, несі Қасым, «Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің Әммесінен Қасымның десі басым.
Солай Солай
Бұдан бөлек қай жерден ем таба алам Тіптен менің кеткім жоқ емханадан Көре - көре жалыққам мен қаладан, Жүре - жүре шаршағам кең даладан
Сергей Есенинге Сергей Есенинге
Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Түстім - ау сергелдеңге мен де сендей. Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, Жаны ашып, ақыл берген елге
Отыздан асып барамын Отыздан асып барамын
Сұқтанып тұрып жанарың, Сұрыма неге қарадың? Солай да, солай, қарағым, Отыздан асып барамын.
Күн ауысып барады Күн ауысып барады
Күн ауысып барады түнге қарай, Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай. Күн шыққан жерден әркез түн келеді, Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×