ойын сауық отауы
Қыз сыры
15.05.2016 3 058 0 Дауыл

Қыз сыры

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Көк белдерге шық тұнғанда,
Шықтым бір күн далаға.
Күнмен бірге шықтың алдан,
Шықтың алдан, жан - аға.
Қыр астынан шуақ шашып,
Келе жатты күн шығып.
Омырауға құлап шашым,
Қиылып ем қымсынып.
Әлдеқалай бір қарадың,
Мен отырған қыратқа,
Ат суардың жылғадағы
Жылтыраған суатқа.
Жасылменен бояғандай,
Көркем бояу жан - жақты.
Таңғы ұйқыдан ояна алмай,
Талықсыған тау жатты.
Тау суреті жанарымда,
Тамашалап, көп тұрдым.
Және де бір қарадың да,
Сен әріге бет бұрдың.
Жауқазындай ашылмаған,
Ашылмаған едім мен.
Бәрі өтті ғой... жасырма, аға,
Шошытайын дедің бе?
Дедің бе, әлде демедің бе?!
Мүмкін, назар салмадың.
... Енді қайтып көремін бе?!
Ең алғашқы арманым.
Арманымды білмедің ғой,
Білмедің ғой, момын жан.
Бірге едім ғой, білмедің ғой,
He келеді қолымнан?..
Қарай алмай ел бетіне,
Сенен ғана сыр бағып,
Қарапайым келбетіңе,
Қараушы едім ұрланып.
Солай, солай күн кешкен ем,
Сені сақтап санама.
Кездеспеген, тілдеспеген,
Хош, аман бол, жан - аға!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қоштасарда Қоштасарда
Қоштасу кезі келгенде жаутаңдап маған қарадың. "Жүрмейсің бірге сен неге?" Дегендей болды жанарың.
Отыздан асып барамын Отыздан асып барамын
Сұқтанып тұрып жанарың, Сұрыма неге қарадың? Солай да, солай, қарағым, Отыздан асып барамын.
Мүйісте Мүйісте
Селк етіп, секем алып қарадың - ау, Қай таудың киігі едің, қарағым - ау!? Төбеңде шыр айналып бала қыран, Мүйісте мергені бар қала мынау.
Махаббат диологы Махаббат диологы
- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? - Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. - Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? - Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
Көшеде Көшеде
Мен жолымды берейін, өт қарағым, Несін күттің, несіне көп қарадың? Анасының бергенін саған берген, Аруағынан айналдым текті Ананың!
Байқа, қалқам! Байқа, қалқам!
Байқа, қалқам! Қалай?!! Қалай?! Қалқам, маған не дедің?! Meн өзімді зерттей алмай келемін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×