ойын сауық отауы
Көңілім
09.05.2016 3 076 0 Дауыл

Көңілім

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Көңілде дауыл.
Көңілде оттар жанады.
Қуаныш - қайғы бірін - бірі жабады.
Жүрегім сонда жадырап, сергіп қалады,
Дауыл мен оттан рақат, дамыл табады.
Достарым көп - ақ.
Өзімсіп кейде сатады.
Жұбатып бірі, жылатып бірі жатады.
Жүрегім сонда неліктен шиыршық атады?!
Қалайды - ау, сірә, қуаныш, әлде... қапаны...
Қуаныш, бақыт, өкініш, қайғы - бәрі де ой,
Көтере берем Көңілім - жердің шары ғой.
О, дарқан көңілім!
Өмірімнің тозбас сәні ғой!
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады - ау, қайнатады - ау зығырды.
Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,
Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім.
Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.
Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын,
Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайьш.
Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,
Арамсың ба, аулақ - аулақ маңайымнан, ағайын.
Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.
Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,
Қалғандарын құлан жортпас құла дүзге лақтыр!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Сені сүймеуім керек еді... Сені сүймеуім керек еді...
Сені сүймеуім керек еді, Жаныма ауыр мұң артып. Не таптым екен, Өзіңдей, Қайырсыз жанға құмартып.
Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың! Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың!
Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың, Армандайсың біреудің бау - бақшасын. Тілегіңді орындаймын деп күнім, Көбеюде ақ шашым.
Тарыққанда табынарым - өлеңім Тарыққанда табынарым - өлеңім
Тарыққанда табынарым - өлеңім, Жабыққанда жалынарым - өлеңім. Барлығы да өлеңімде сақтаулы - Ақын болып нені айттым мен, не дедім.
Қасиетті дұға Қасиетті дұға
Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ, Ешнәрсеге көңілім болмаса тоқ, Қайта - қайта оқысам бір дұғаны, Сөніп қалған жүректе жанады шоқ.
Домбыраға қол соқпа Домбыраға қол соқпа
Домбыраға қол соқпа, Шымырлатып бір - бірлеп. Жүрегім, соқпа, кел тоқта, Жас келер көзге жүр - жүрлеп.
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды, Ақылымның есігінен аттай бере жығылды. Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап, Кей пенделер қайнатады-ау,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×