ойын сауық отауы
Қайран Қарасазым - ай!
14.05.2016 7 091 0 Дауыл

Қайран Қарасазым - ай!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
Шыбын - шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елеңдетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.
Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтерле алмайды.
Жалғыз - жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.
Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана - торпақ шапқылап,
Оқыранып, ойнаған.
... Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап, мәз болғам,
Қайран Қарасазым - ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қарасаз Қарасаз
Мен бақыттымын, Бақытты жерде туылдым. Айналайын Қарасаз, Қасиетінен суының!
Қайран бауыр Қайран бауыр
- Мұқаш - ай! Қарасазды сағындым - ау! Сағындым - ау, суымды, тауымды да! - ... Қайран дос, барғанымда осылай деп, Өрт кетіп өзегіне тарындың - ау!
Шындық туралы Шындық туралы
Шындық көзге шұқиды қашаннан да, Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба. Ар - ақиқат үкімі жасалғанда, Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.
Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт! Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт!
Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт! Жүруші ең кейбір жерде ойран салып, Жүруші ең кейбір жерде сайран салып, Шау тартып қалыпсың - ау қайран
Хат Хат
Саған таныс адыр, қырқа, беттегі, Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді. Рақатта іші - сырты ауылдың, Қуантсаңшы сен де, сәулем, кеп мені.
Жазғырма мені, жан - аға Жазғырма мені, жан - аға
Жазғырма мені, жан - аға, Жаманға мені балама. Жалғыз түп емен көріп пе ең, Жабырқап тұрған далада?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×